КӨМІР БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
Көмір бағасын қымбатсынғандар назарына жақсы жаңалық. Бұған дейін газетіміздегі бірнешеге мақалаға арқау болған қатты отын мәселесі ақырында бір шешімін тапты. Қашанда тұрғындарды алаңдатқан проблема басшылықтың назарынан тыс қалмайды. Бұл жаңалық соның бір дәлелі.
Кеше, яғни 26 қарашадан бастап «Самара-Шымкент» тасжолы бойындағы «Исакова» жеке кәсіпкерлігіндегі Шұбаркөл көмірінің бағасы 14800 теңгеден 12150 теңгеге дейін арзандады. Бұл Қызылорда облысы әкімдігінің инвестиция және даму министрлігі және «Исакова» жеке кәсіпкерлігімен бірігіп 23 қараша күнгі жасалған келісімшарты негізінде тұрақтаған баға. Енді келер жылдың мамыр айына дейін көмір бағасы 12150 теңгеден аспайтын болады.

- Көмір бағасы 26 қараша күні таңертеңнен бастап арзандады. Адамдар бірінен-бірі естіп келіп жатыр. Бір күннің ішінде біраз көмір сатылып кетті. Алайда, қатты отыннан тапшылық болмайды, – дейді кәсіпкер Нұрғиса Абжапбаров.