Жазылған жайдың жаңғырығы
Естеріңізде болса, газетіміздің №85 санында әріптесіміз Дина Жүсіпованың «Көмір неге таразыға тартылмайды?» атты сараптамалық зерттеу мақаласы жарық көрген болатын. Бұған дейін бұл мәселе аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен қоғамдық кеңесте де қаралып, талқыланған еді. Соған орай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жақсылық Әлиев редакциямызға келіп, жоғарыда көтерілген мәселеге орай сұхбат берді.Жақсылық Әлиев:
– Бүгінгі таңда ауданда халықты көмірмен қамтамасыз етіп отырған 4 кәсіпкер жұмыс жасайды. Қоғамдық кеңесте қызу талқыға салынған көмір мәселесін жан-жақты бақылау үшін, көмір сататын орындарды араладық. Тексеру нәтижесінде 3 жерде таразы қойылғандығына куә болдық. Тек бір кәсіпкердің таразысы болмай шықты. Ол кәсіпкерге 1 қарашаға дейін уақыт беріп, таразы қойылуын талап етіп, ескерту жасадық. Кәсіпкерлермен сөйлесу барысында, тұтынушының өзі көмірді сатып аларда таразыға тартылуын талап етпейтіндігін, тек жүргізушімен ғана келісетіндігін алға тартты. Осы тұста халықтың есіне салатын жәйт, тұтынушы өз құқығын қорғамайды. Яғни, көмір керек адам таразыға өлшеп алуға ықылас-ынтасы аз. Нақты салмақпен өлшеуге уақыттары жоқ. Егер талап етсе, келеңсіз жағдай тумас еді. Құқымызды білу өзіміз үшін де, қоғам үшін де қажеттілікті тудырады.
– Былтыр осы уақытта ауданда көмір болмай, қатты отын тапшылығы сезілген еді. Биыл бұл мәселеге байланысты қиындықтар туындаған жоқ па?
Жақсылық Әлиев:
– Қыстың қамын – жаз ойла деген бар емес пе? 2018-2019 жылғы жылу беру маусымына аудан бойынша 156 әлеуметтік нысан қатысуда. Оның ішінде 118 нысан қатты, 28 нысан сұйық отынмен, қалғаны газбен жылытылады. Бюджеттік мекемелерге қажетті қатты отын қоры 13,5 мың тонна болса, бүгінгі күні 6991 тонна қатты отын келісім шартқа сәйкес мекемелердің қоймаларына жеткізілген. Ал, жеке тұрғындарға 26 мың тонна қатты отын қажет деп есептелуде, алайда, 20 мың тоннаға кәсіпкерлермен келісім шарт жасалынып, бүгінде 7,2 мың тоннасы жеткізіліп, таратылуда. Шұбаркөл, Семей көмірлері 14800-16000 теңге аралығында сатылуда. Көмір сататын орындарды тексеру барысында тізілген жүк көліктерін ғана көрдік. Алушы аз. Өткен жылы халық көмір алу үшін кезекке тұрып, әбігерге түскен. Ал, биыл қатты отынға тапшылық байқалмайды.
Сөз соңында, «Әрбір тұтынушы көмірді таза салмағымен алғысы келсе, қатты отын сатылатын орындарда таразы бар екендігін назарға салғымыз келеді», – дейді қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Әлиев.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет
А.НАЗАРОВА.