2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери қызметшілер Наурыз мейрамын атап өтті

Әскери қызметшілер Наурыз мейрамын атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Мейрамға орай орталықта нағыз этноауыл ұйымдастырылды. Әр локацияда көрермендерге қазақ халқының "беташар", "тұсау кесу", "бесікке бөлеу", "құда түсу" және т.б. салт-дәстүрлері көрсетілді. 
Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті, отбасылық құндылықтарды сақтауға, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған шара Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.  
2009 жылы Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.  Сол уақыттан бастап Халықаралық мереке болып жарияланды.
23 наурыз 2022 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930