Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...

Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты кешке Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, басқармасы мен бөлімдерінің әскери қызметшілерінің аналары мен жұбайлары, Қарулы күштердің ардагерлері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова қатысты.
Жиынды ашқанжергілікті әскери басқару органының бастығы полковник Айдын Сағынбеков әйел-аналарды көктем мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде мерекелік шараның мақсаты әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру, болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсету екенін атап өтті.
 – Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар, –  деді полковник Айдын Сағынбеков.
Салтанат кеш соңы Қызылорда облысы филармониясының өнерпаздары мен әскери қызметшілердің бірлесе дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
                                                                                        
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
https://qazaly.kz
04 наурыз 2022 ж. 620 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 85

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930