Қорғаныс департаментінде сержанттар мадақталды
Қызылорда гарнизонында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылық құрамы 1 шілде Сержанттар күніне орай мекемедегі сержанттар құрамын мерекелерімен құттықтап, үздік сержанттарды алғыс хаттармен марапаттады.
Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Іс-шараға департамент жеке құрамы толық жиналды. Департамент басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов шара басында Сержанттар күнінің аталып өту тарихына тоқталып, мекемедегі әрбір сержанттың атқарып жүрген қызметтерінің Қарулы Күштеріміз үшін маңызы зор екеніне тоқталып өтті.
«Еліміздің әскерін кіші командирлер буынына жататын сержанттарсыз елестету мүмкін емес. Командир тарапынан қойылған жауынгерлік тапсырмалардың өз уақытында, сапалы орындалуында сержанттар құрамының рөлі ерекше. Барлық санаттағы сержанттар құрамының мықтылығы - әскеріміздің мықтылығы деуге де болады. Барлығыңызды айтулы мерекемен құттықтаймын», - деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Айдын Сағынбеков.
Жиын соңында Департамент бастығы мекемедегі үлгілі тәртіп көрсетіп, жауынгерлік жаттығулар мен спорттық сайыстар кезінде көзге түскен сержанттарға кәсіби мерекелері қарсаңында алғыс хаттар табыстады.
Еліміз кәсіби сержанттар жүйесін дамытуда алдыңғы қатарлы елдердің бірі екені белгілі. Қазіргі таңда, шебер кәсіби сержанттардың жеке құрамның әскери тәртіп жағдайы мен жауынгерлік рухын көтеруде маңызы зор.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров