ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен полковник Байболов Еркінбек Серғалиұлы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Қ. Мұсаев таныстырды.
Еркінбек Серғалиұлы 1974 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында туған.
1996 ж. Шекара әскерлері Әскери институтының орта әскери училищесінің толық курсын тәмамдаған.
2006 ж. Ұлттық қорғаныс университетінің 1 айлық академиялық жұмылдыру курстарын бітірген.
2007 ж. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
1992-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген.
1999-2001 ж. Адъютанттар бөлімінің аға офицері - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің көмекшісі.
2001-2010 ж. Алматы облысының Жетісу, Әуезов аудандары қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында басшылық лауазымдарында қызмет өткерді.
2010-2012 ж. департаменті бастығының орынбасары-Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2012 жылдың қараша айына қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы қызметін атқарған.