Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Анаға құрмет – перзентке міндет

Анаға құрмет – перзентке міндет

Мына ғаламда жаратылысы бөлек әйел затына тең келер ғаламат бар ма? Әйелдер үйде де, түзде де қашан да абыройлы, беделді. Олар экономикаға да, демографиялық өсімге де үлес қосып келеді.
Өткен аптада аудан әкімі Нариман Мақұлбеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ақ жаулықты аналарды арнайы мерейлі мерекесімен құттықтады. Мерейлі мерекемен құттықтауда өңір басшысы ауданның білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, жастардың сапалы білім саналы тәрбие алуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздардың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Атап айтар болсақ, Күлжан Жаукебаева және Рухлина Галина, Күлжамила Рүстемова сынды апаларымыздың отбасына барып құрмет көрсетіп, дәстүрге сай сый-сияпат жасады. Аудан басшысы аймақтың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан аналарымызбен сұқбаттасып, олардың әңгімелерін тыңдап, сыр шертісті.
– Қазақта «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздер біздің қаймағы бұзылмаған дәстүр-салтымыздың айқын көрінісісіздер. Сіздерді келіп жеткен аяулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Өздеріңізге зор алғыс айта отырып, қайда жүрсеңіздерде аман сау болыңыздар демекпін, – деді Нариман Әскербекұлы.
13 наурыз 2022 ж. 366 0