Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеараптың Тоқсан сегізінші көктемі

Зейнеараптың Тоқсан сегізінші көктемі

Биыл Ақмая аулының тұрғыны Зейнеарап Тәжібаева 98-ші көктемін қарсы алуда. Көктем айының алғашқы аптасын артқа тастаған анамыз, 8 наурызда туған күнін тойлайды.
Жүз жасағандар, одан асқандар – ашаршылықтың да, сұрапыл соғыстың да көзі тірі куәгерлері. Зейнеарап әжейдің балалық, жастық шағы осы қиын-қыстау жылдармен тұспа-тұс келді. Ол өз құрдастары секілді еңбекке тым ерте араласты.
Зейнерап апа інісі Жүністен тараған бауырларының ілтипатына, шынайы қамқорлығына сүйсініп отыр. Өткен өміріне ойша көз жүгіртсе, қамшының сабындай ғана мына қысқа өмірде қаншама ауыр күндер мен қызықты кештерді өткізіпті. Балалық шағы да қиын қыстау жылдарға тап болған. Ол Шиелі ауданы, Жуантөбе ауы­­лында 1924-жылы 8 наурызда дүние есігін ашқан. Содан әкесіне еріп, қой баққан, кейіннен канал қазып, күріш еккен. Одан кейін орта мектепке қабылданып, 1937-1938 жылдары тәмамдап, тұтқиылдан соғыс басталып, тылдағы қара жұмысқа тартылып, майданға керек-жарақтыларды қолдан жасап жөнелтіп отырған. Соғыс аяқталған тұста да колхозда еңбек етіп жүріп Бейсенбек деген азаматпен танысып, көңіл қосады. Ділдәбек атты бала сүйіп, Алланың жазуымен ол бала 18 жасқа толғанда жол апатынан көз жұмады.
Ісіне мығым, өзін әрдайым сабырлы қалпында ұстайтын жолдасы Бейсенбек үнемі жарының жанынан табылып, берік отбасының тірегі бола білді. 1974 жылы жолдасынан айырылған апа төркіні Ақмая ауылына көшіп келеді.
Інісінің балалары қамқор болып өз қолдарына алады.
Көктемнің шуақты мерекесі қарасаңында 98 жастың торқасына көтерілген ­Зейнерап апаның қуанышында шек жоқ. Өйткені Халықаралық әйелдер мерекесі оның туылған күні.
Ол күні Зейнеарап үшін нағыз мереке. Өйткені, алыстағы бауырлары мен сіңілсінен тараған жиендері келіп, құшақ-құшақ гүл шоғымен түрлі сый-сияпаттармен көмкеріп тастайды.
Келіні Ұлболған апайдың айтуынша, 100-ге таяған әжейдің өзі тың, қимылы ширақ, тамаққа тәбеті жақсы. Әр жыл ­сайын бес парыздың бірі – ораза ұстап, бес уақыт намазын үзбей оқиды. Жастайынан еңбекке ысылып, шаршауды білмеген ақ жаулықтың иесі ұзақ жасаудың сырын еңбекпен байланыстырады.

Ш.Тілеубаев
05 наурыз 2022 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930