Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге құрмет

Ардагерлерге құрмет



Ұлы Отан соғысы осыдан 74 жыл бұрын аяқталғанымен оның салған жарасы талай жүректе әлі де бар. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бөлісті. Міне, ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген сол кездегі жасөспірімдер – бүгінде бір әулеттің ғасырға жуық жасаған мәуелі бәйтерегіне айналған. Ақмая ауылының тұрғыны 95 жастағы Әбілқасым Дәрібаев және 91 жастағы Зинарат Тәжібаева – соғыс уақытында тылда аянбай еңбек еткен ардагерлер. Мереке қарсаңында аудандық мәслихат депутаты Д.Жұмбеков, қос қарияның да шаңырақтарына арнайы барып, жеңіс күнімен құттықтады. Сонымен қатар ауылдағы клуб үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, өзге де тыл және ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Дәл осындай шара Майлытоғай ауылында да жалғасын тапты. Ауыл жастарын отансүйгіштікке баулу мақсатында «Жеңіс салтанаты» атты тыл еңбеккерлерімен тағылымы мол кездесу кеші ұйымдастырылды. Ұлы жеңіске жету жолында майдан даласындағылармен бірге тылдағылардың да ерлігі ерен болғаны сөзсіз. Сұрапыл жылдары Сыр еңбеккерлерінің жеңіс туын жақындатуға қосқан үлесі орасан.

Г.ЯХИЯ.
09 мамыр 2019 ж. 1 079 0