Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕРгЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРгЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ КІМ ДЕСЕ, ОЙЛАНБАСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕР ЕДІК. ЕЛ БАСЫНА ҚАРА БҰЛТ ҮЙіРІЛГЕН ҚИЫН-ҚЫСТАУ ЗАМАНДА ҚОЛЫНА ҚАРУ АЛЫП, БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН ҚАн МАЙДАНДА от кешкен АРЫСТАРДЫҢ АЛДЫНДА МӘҢГІЛІК ҚАРЫЗДАРМЫЗ. БІЗ ОЛАРҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТСЕК ТЕ АЗДЫҚ ЕТЕТІНІ БЕЛГІЛІ.
Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу – қанымызға сіңген үрдіс.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы бастаған топ ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін аралап, құрмет көрсетті.
Балаби ауылына табан тіреген олар бірінші кезекте, Айдар Жолбаевтың шаңырағында болды. Соғыс ардагеріне облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті. Мұнан соң Н.Бекежанов ауылының тұрғыны Сәрсенбек Байжановтың табалдырығын аттады. Ізінше ауданның теріскей бетіндегі Бұғыбай Нәрікбаев ардагердің отбасымен қауышып, сый-құрметін білдірді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбек үлгісін көрсеткен құрметті ардагерлер Серғара Ізтілеуов және Үсенбек Кенебеков сынды тылда еңбек еткен ардагерлерге де құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат көрсетті. «Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор», – деді аудан басшысы. Құрметке бөленген соғыс және тыл ардагерлері аудан басшыларына ризашылықтарын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.
Аталмыш шара барысында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы,
«РУ-6» ЖШС, аудандық ішкі істер бөлімі мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де ардагерлерге шапан жауып, құрмет көрсетті.
Е.ДАТКЕНОВ.
11 мамыр 2018 ж. 3 152 0