Алғыс арқалаған дәрігер
«Гиппократ антын» өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген дәрігерлердің еңбегі, атқарған істері әрқашанда халықтың жадынан шықпауы тиіс. Осы жолды таңдаған ақ халаттылардың бірі – аудандық орталық аурухананың дәрігер-офтальмологы Светлана Серікқызы.
Қоғамдағы әр адамның өмірі осы жандармен тығыз байланысты. Оларға қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат. Кейіпкерімнің бір ерекшелігі ғылым-білімге деген ынтасы мен ұмтылысы ерте жастан-ақ байқала бастаған. Светлана №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясын 2000 жылы бітіріп, Батыс Қазақстан Мемелекеттік Академиясының педиатрия факультетіне түседі. Ол жерде 4 жыл оқып, білімін жетілдіру үшін Шымкент қаласындағы Мемлекеттік медицинаны аяқтап, офтальмолог, яғни көз дәрігері атанды. Алғашқы қадамын 2010 жылдың қыркүйек айында Шиелі аудандық емханасында бастаған жас маман дәрігер болудың оңай еместігін білсе де, осы жерде көп нәрсе үйренді. Білімге құштар жас үшін өмір мектебінен өтіп, ысылып, тәжірибе жинақтау барысында алғашқы еңбек жолының маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

«Көз – адам жанының айнасы» деген бар. Сондықтан көз дәрігері болу үшін тек біліктілік қана емес, байыптылық пен мейірімділік қажет.
– Көзіне бөгде денелер түсіп, болмаса қос жанары солғын тарқан үлкендерге қажетті уколын салып жіберемін. Осылайша күннен-күнге тәжірибе жинақтап, мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті» – дейді ол.
Десек те, алдына үлкен мақсат қойған жан үшін, ең бастысы өз білімін әрі қарай шыңдай түсу болса керек. Ол 2012 жылы наурыз айында Алматыдағы ҚазҒЗИ-ға көз ауруларын емдейтін офтальмолог мамандығы бойынша қайта даярлау курсына түседі. 2012 жылы Астана қалалық №4 емханада 3 жыл жұмыс істеп, отбасылық жағдайына байланысты 2015 жылдан бастап қайтадан Шиелі аудандық емханада көз дәрігері болып орналасады. Алдына келген науқасты сөзімен де, шипалы қолымен де емдеуі, әсіресе ине шаншудағы ептілігі, аурудың дәл нақты түрін анықтауы Светлананың биіктен көрінуіне жол ашты. Одан кейін 2018 жылы Татарстан Республикасының Қазан қаласында көз ауруларын терең оқу курсын оқып қайтады. Үздіксіз ізденудің, жан-жақты тәжірибе жинаудың нәтижесінде Светлана кеудесіне «Алтын дәрігер» төс белгісін тақты.
– Мен қос жанарым солғын тартып, тіпті бірнеше жылдан бері қиындық көрдім. Бұл кәрілік шығар деп мойынсұнбадым. Содан көзім бұлдырап, жақынды да көрмейтін халге жеткен соң дәрігер Светлана Есболованың көмегіне жүгіндім. Ең бірінші Светлана қызымның жылы сөзі бойымды жылытса, екінші жасаған емі шипалы болды. Өз ісінің мықты маманы екеніне көзімді жеткіздім дейді, – кент тұрғыны Нұржамал Дәулетова.
Бәрінен бұрын сауыққан жандардың ризашылықтарын естігеннен асқан бақыт жоқ дәрігер үшін.
Ш.Тілеубаев