Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғысқа лайық дәрігер

Алғысқа лайық дәрігер

Көз дәрігері көздің қарауына, емделуіне және күтуіне маманданған адам.
Мамандықтың бәрі жақсы. Адамзат игілігі үшін бәрі қажет. Алып та, ақын да, ғалым да, дәрігер де, инженер де не керек барлығы қолына қалам ұстатқаннан бастап осыншалықты дәрежеге жеткізетін ең ұлы мамандық ол – ұстаз. Ұстаз – ұрпақтың ұлағатты рухани сәулеткері. Төрткүл дүниенің төрінде отыратын мамандықтардың төресі де теңдесі жоғы да ұстаздық. Ұстаздың берген білімі мен тәрбиесін толық бойына сіңірген жан көздеген мақсатына жетері анық. Соның ішінде ең басты байлық – денсаулық. «Дені сау адам – табиғаттың ең тәтті жемісі» деген қағидаға сүйенсек адамдардың денсаулығын жаратушыдан кейінгі жанашыры – дәрігер. Жан дүниесімен әрбір науқасты дертінен айығып жүзіндегі қуанышты көру олар үшін бір бақыт. Өйткені адамгершілік арының алдында адалдығы мен халқына қызмет етемін деп ант берген абзал жандардың орны ерекше.
12 мүшеңнің бәрінің амандығына не жетсін. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде тұрғандай. Аяғыңмен жүре алмасаң, қолыңмен ұстай алмасаң, сөйлей алмасаң, көре алмасаң нет­кен қиын.
Әр заманның әртүрлі қиындығы болады. Сол сияқты мынау әлемді жайлаған індетпен қатар қазіргі таңда баланың да үлкеннің де көз аурудан зардап шегіп жүргендері көбейіп бара жатқан сияқты. Емханаға барсаңыз ұзын сонар көз дәрігерінің алдындағы кезекті көресіз. Соның бәрін уақытпен санас­пай, ыждағаттылықпен қолындағы бар құрал-жабдықтармен зерттеп, ем жасаудағы көз дәрігелерінің де еңбегін ескермей кетуге болмайды.
Халықта «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген қасиетті сөз бар. Бала кезгі арманын бойындағы талабы арқылы жүзеге асырған, алған білімі мен адами қасиеті оны даралаған, жанарынан үміт еткен жандарға қуат берген бір жан туралы айтпасқа болмады. Ол көз дәрігері – Есболова Светлана Серікқызы. Светлана №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясын 2000 жылы бітіре салып, дәрігер болу басты арманы жолында Батыс Қазақстан Мемелекеттік Академиясының педиатрия факультетіне түседі. Ол жерде 4 жыл оқып, жалғасын ­Шымкент қаласындағы Мемлекеттік медицинадан аяқтайды. Еңбек жолын 2010 жылы туған өлкесі Шиелі аудандық емханасында көз дәрігері болудан бастады. Одан әрі білімін жетілдіру мақсатында 2012 жылы наурыз айында Алматыдағы ҚазҒЗИ көз ауруларында офтальмолог маманын қайта даярлау курсына түсіп, тәжірибесін шыңдай түседі. Талап қайда жетелемейді? 2012 жылы Астана қалалық №4 емханада 3 жыл жұмыс жасап, отбасылық жағдайына байланысты 2015 жылдан бастап қайтадан Шиелі аудандық емханада көз дәрігері болып орналасады. Алдына келген науқасты сөзімен де, шипалы қолымен де емдеуі, әсіресе ине шаншудағы ептілігі, аурудың дәл нақты түрін анықтауы Светлананың биіктен көрінуіне жол ашты. Жазыласыз әлі-ақ жақсы көріп кетесіз деген жанға жайлы, жүрекке жылы сөзінің өзі дәру. Еткен еңбек, төккен тер қай кезде де таса да қалмайды. Күнделікті ізденудің, жан-жақты тәжірибе жинаудың нәтижесінде Светлананың кеудесінен «Алтын дәрігер» төс белгісі орын алды. Көптің алғысына ие болған ақ халатты абзал жанның бірі Светланаға халықтың алғысын алып, еңбегің жалғасын тауып, құрметке бөлене бер дегеннен артық қандай сөз бар. Дәрігер деген атқа шаң жуытпай бар күш-жігерін адам денсаулығына арнаған осындай өр кеуделі дәрігерлеріміз көп болғай.

Айжамал Әбдіхамитқызы,
штаттан тыс тілші
07 қыркүйек 2021 ж. 492 0