«Аңсаған сәби»: Бедеулік үкім емес
«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген екен бұрынғылар. Халқымыз дүниеге ұрпақ әкелуді, үрім-бұтағын жалғастыруды ең үлкен бақытына балаған. Айтсақ ауыр, айтпасқа тағы болмайды. Елімізде бедеу әйел мен белсіз еркектің қарасы аз емес. Жалпы қазіргі таңда сәби күлкісі естілмейтін шаңырақтың көбеюі бізде ғана емес, күллі дүние жүзіндегі тенденция екенін айтады мамандар.
Бала өрбіту, ұрпақ әкелу – тек әйелдердің проблемасы емес. Өмірге дені сау, саналы баланың келуіне еркектердің де үлесі үлкен. Бірақ бедеулік мәселесі туындай қалса, оған бірден әйелді кінәлаймыз. Адам санасы өзгеріп, заман сан құбылса да мұндай сыңаржақ көзқарас әлі де бар. Әсіресе қазақтың қалыптасқан санасы балалы бола алмаудың кінәратын алдымен нәзік жандылардан іздейтіні рас. Бірақ статистика басқаша сөйлейді. Қазіргі таңда бедеу әйел мен белсіз еркектің саны бірдей, яғни некелескен жұптарда баланың болмауына еркек те себепкер. Әлемде, соның ішінде Қазақстанда да аталық ұрығы әлсіз жігіттер көбейген.

Осындай күрделі мәселелерді ескерген болу керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауында «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастап, экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота санын жеті есеге көбейтуді тапсырған болатын. Осы орайда, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Енді жыл сайын мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады. Айта кетейік, барлық шығын мемлекет есебінен төленеді.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады. Негізгі талап – Қазақстанның азаматы болуға тиіс және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сәйкес келуі керек. Одан соң бағдарлама тек репродуктивті жас – 18-ден 49 жасқа дейінгі қатысушыларға ғана мүмкіндік береді. Қалыпты соматикалық және эндокриндік көрсеткіштер, жоғары фолликулярлық резерв те маңызды. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам міндетті түрде ерікті түрде жазбаша келісім береді. Мамандар жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализация онкологиясы, денедегі қатерлі өскіндер болған жағдайларда ғана науқасты экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы мүмкін.

ЭКО-ға жолдама қалай беріледі?
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жерде үміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне қосады. Одан кейін тексерістен өтеді. 12 айдың ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады. Пациент жасанды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКО жылына бір рет тегін жасалады. Егер талпынысыңыз сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұрасыз.

Бағдарлама аясында қанша бала дүниеге келді?
Өткен жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бөлінген 7 мың квотаның 281-і Қызылорда облысындағы сәби құшатын сәтін зарыға күткен әйелдердің арманын орындауға бөлінген. Былтыр республика бойынша 11 030 нәзікжанды бедеулікпен есепте тұрса, Шиеліде олардың саны 184 болған.

Бұл әйелдердің барлығы «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысуды көздейді.
– Өткен жылы бізде бедеулік есебінде тұрған 33 әйел жүкті болды. Олардың 9-ы жасанды ұрықтандыру бойынша сәби көтерді. Ал, «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы бұл мүмкіндікке 7 әйел қол жеткізді. Өкінішке қарай бір түсік жағдайы орын алды. Барлығының денсаулық жағдайы жіті бақылауда. Қазіргі таңда ЭКО-ға қатысқа 2 ана уақытында аман-есен сәбиін дүниеге әкелсе, біреуі мерзімінен бұрын босанды. Ал бір әйел басқа жақа қоныс аударды. Дәл қазір жасанды жолмен ұрықтандырылған төрт болашақ ана жүктілік бойынша есепте тұр, – аудандық емхананың гинеколог дәрігері Нұргүл Аширова.
Дәл қазіргі есеп бойынша ауданда 131 нәзікжанды бедеулік диагнозы бойынша есепте тұр. Көңілге демеу болары олардың 21-і «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысуға жолдама алған, тек кезегін күтіп жүр.
Айта кетейік, Қазақстанда жасанды жолмен ұрықтандыруға квота бөлуге арналған бағдарлама 2010 жылы қолға алынған. Бірақ алғашқыда квотаның саны аз болды. Осы уақытқа дейін экстракорпоральды ұрықтандыру әдісімен 22 мыңнан астам бала дүниеге келген. Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Соның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар.
Жалпы жасанды ұрықтандыру әдісі елімізде 1995 жылы қолға алынған. Шағын зертханадан басталған тәжірибе бүгінде іргелі ғылыми Репродуктивтік медицина институтына айналды. Қазір мұнда сәби иісін аңсаған отбасыларға бақыт сыйлау үшін іргелі технологиялар қолданылады.
Дәрігер келтірген дәйекті дәлелдердің өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Дегенмен де, бедеулік пен белсіздік – үкім емес. Ең бастысы, оның себеп-салдарын анықтап, дер кезінде емделу керек. Ол үшін сабырлылық пен төзімділіктің де алар орны ерекше екені сөзсіз.
Гүлхан ЯХИЯ