Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі ай бұрын көз жұмған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Екі ай бұрын көз жұмған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді



Португалиялық дәрігерлер 26 жастағы Катарина Секейраның өмірге сәби әкелуіне көмектескен. Сальвадор есімді ұлдың салмағы - 1,7 келі. Алайда Катаринаның өзі бұл қуанышты хабарды ести алмады. Өйткені ол осыдан екі ай бұрын көз жұмды, деп хабарлайды The Sun.

Жүктілігінің он тоғызыншы аптасында қызда аса ауыр демікпе ұстамы болған. Ол бірден ауруханаға жеткізіліпті. Алайда жағдайы нашарлап, комаға түскен. 26 желтоқсан күні жан тапсырды.
Дәрігерлер баланы дүниеге әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Олар сәбидің анасын арнайы аппараттан айырмаған. Жүктіліктің отыз екінші аптасында жағдай ушығып, бала кесар жолымен дүниеге келді. Бірнеше сағаттан кейін Катарина медициналық құрылғыдан ажыратылды.
Сальвадор есімді бала өлген анадан туған әлемдегі жалғыз нәресте. Баланың қасында әкесі болады. Дәрігерлердің айтуынша, жатырда өзгеше жатқандықтан, сәбидің денсаулығы әлі де қарауды қажет етеді. Алайда күні жетпей туған сәби үшін оның жағдайы қалыпты.

alashainasy.kz
03 сәуір 2019 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930