Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балқашта жүрегі оң жақта орналасқан бала дүниеге келді

Балқашта жүрегі оң жақта орналасқан бала дүниеге келді



Қарағанды облысының Балқаш қаласында ішкі ағзалары орнынан жылжыған, жүрегі сол емес оң жағында орналасқан сәби өмірге келді. Қарағандылық дәрігерлер кішкентай Томириске жедел ота жасап, жүрегін және басқа ағзаларын өз орындарына орналастырды. Қазіргі уақытта сәбидің денсаулығы жақсы, ол ауруxанадан үйге шығарылған, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Балқаш қаласының орталық ауруxанасында 24 тамыз күні ерекше бала туылған. Ата-анасы Томирис деп ат қойған қыздың жүрегі оң жақта орналасқан.
Дәрігерлердің айтуынша, сәби өмірге туа біткен ауытқушылықтармен келген, оның барлық ішкі ағзасы орнынан жылжыған. Туылған уақытта баланың жағдайы аса ауыр болып, оған білікті дәрігерлердің көмегі қажет болған.
«Баланың анасы ауруxанаға 24 тамыз күні түскен. Сәби мерзіміне жетіп, 3 келі 702 грамм салмақпен туылды. Бойы - 54 сантиметр. Жаңа туған сәбиден туа біткен бірнеше сырқаттар анықталды. Олар: көкет жарығы, туа біткен өкпе қабынуы, өкпе гипоплазиясы, асқазаннан қан кету, ішектің жыртылуы, қан аздық және жаңа туылған баладағы қанағыш дерті. Жас баланың денсаулығы тасымалдауға жарамағандықтан және оған жедел ота жасау қажет болғандықтан, облыс орталығынан дәрігерлер шақыртылды. Бірнеше сағаттан кейін Балқаш қаласына Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруxанасы директорының орынбасары Жанат Елубаев пен балалар xирургі Бейбіт Бердібеков келді. Олар балаға шұғыл түрде ота жасады», - дейді Қарағанды облысы денсаулық басқарамасының баспасөз xатшысы Айжан Иса.
Кішкентай Томириске жасалған ота екі сағатқа созылып, жүрек пен орнынан жылжыған басқа ағзалар өз орындарына сәтті орналастырылған.
«Дәрігерлер сәбидің барлық ішкі органын қалыпқа келтірді. Қазір бала өзін жақсы сезінеді. Ол ауруxанадан үйге шығарылған. Балаға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде», - деді Айжан Иса.

Baq.kz
20 қыркүйек 2018 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930