Жақсының аты өлмейді
Қысқа ғана өмірде жақсы көретін адамың дүниеден өткенде, кең дүние тарылғандай болады екен. Мәкеңнің мәңгілікке аттануы – өзекті өртеген өкініш болды. Тағдыр солай. Қатал тағдырға қайран жоқ.
Күлімбетовтер шаңырағы тамырын тереңге жайған өнегелі, қадір-қасиеті жоғары әулет. Атамыз қазақ ата-бабаның қанымен дарыған асыл қасиеті бар әулетті текті әулет дейді. Ертеректе өткен Бекасыл би «тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп бұл тәмсілді нақтылай түседі. Негізі мұрат – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. «Сіздің адам бойындағы ерекше бағалайтын қасиетіңіз қайсы?» деп сұрағанда, Маркстің қызы Лаура: «Мұраттылық» деп жауап берген. Ал, атақты Базар жырау болса:
Күлімбетовтер шаңырағы тамырын тереңге жайған өнегелі, қадір-қасиеті жоғары әулет. Атамыз қазақ ата-бабаның қанымен дарыған асыл қасиеті бар әулетті текті әулет дейді. Ертеректе өткен Бекасыл би «тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп бұл тәмсілді нақтылай түседі. Негізі мұрат – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. «Сіздің адам бойындағы ерекше бағалайтын қасиетіңіз қайсы?» деп сұрағанда, Маркстің қызы Лаура: «Мұраттылық» деп жауап берген. Ал, атақты Базар жырау болса:
«Жаратқан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің
өтеді күні мұратпен» деп термелейді. Біздің Мәкеңнің әкесі де, анасы да – педагог. Жоғары білімді, ой өрісі кең жандар. Ұлына Мұрат есімін жәйдан жәй қоймаған болар. Жерді атына қарап, адамды затына қарап тануға болады деген осы.
Біз рушыл туыстықтан емес, рухани туыстықтан жақын болып, сыйластық. Мақтансаң досыңмен мақтан деген. Достың екі түрі болады. Адал дос, амал дос. Абай «Единица болмаса, не болады өңкей нөл» дейді. Мәкең жол көрсететін, жөн көрсететін серкеміз еді. Мәкеңнің жүрегіндей сезімтал, бауырмал жүрек жоқ. Жаны жайсаң, жүрегі таңғы шықтай мөлдір, жақсылығын адамдардан аямайтын жан еді. Мәкеңнің жан дүниесі бай, адами қасиеті биік, көргені мол азамат ретінде замандастарының есінде қалды. Өмірге деген құштарлығын жылы жымиысымен, нұрлы жанарымен сездіретін. Өзім дегенге өкпесін суырып беруге, достары үшін қоң етін кесіп беруге әзір, адал жан еді. Халық арасында адамгершілік қасиеті жоғары, ақкөңіл, жаны жарқын адам туралы «Ол әулие ғой» деп айтылады. Мәкең өз кезеңінің нағыз әулие адамы. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы Абай айтқан адамның үш қасиеті Мәкеңнің бойынан табылады.
Жиренше шешен «Ажал деген атқан оқ, бір Алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді: жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген екен.
Мұрат Күлімбетов бірнеше өлеңдер мен прозалық шығарманың авторы. Оның қаламынан шыққан «Бастау» атты өлеңдер жинағы, «Сабыр туралы сыр» деректі повесі, «Ғибратты ғұмыр», «Ел ағасы Елекең», «Аңызға айналған адам», «Елеусіздің ерен қызы», «Жердегі із» естелік кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ері Жадыра Таспанбетованың өмірінен сыр шертетін «Жүрегімнің жолдамасы», ОҚО Қызылқұмдық кеңшар директоры Әкімтай Елекеев туралы «Аңызды аймақтың адамдары» кітаптары да жұртшылық жүрегіне жол тапты.
Майлықожа ақын:
«Тау басында жел жүрер,
Жол үстінде ел жүрер.
Мына жатқан қара жер,
Кезегімен жеп жүрер.
Әкесі кетсе орнына,
Баласы нәубет кеп жүрер.
Орнында бар оңалар,
«Құдайға шүкір!» деп жүрер - деген екен.
Мұрат пен Баянның ұл-қыздар қандай! Әр қайсысы өмірден өз орнын тапқан, үлгілі шаңырақ иесі. «Орнында бар оңалар» деген осы емес пе? Құдай қосқан қосағы Баян замандасымыз Мәкеңнің орнын жоқтатпай, түтінін өшірмей ұлы мен қыздарын, немерелерін мәпелеп отыр.
Мәкеңмен сыйлас, сырлас дос болдық. Бойымызда достық жарасымдылық, бауырластық сезім қалыптасты. Көңіліміз ешқандай сусып көрген емес. Мұрат досымыз өмірден кеткенімен көңілден кетпейді...
Бегайдар ЖҮСІПҰЛЫ,
жандосы.
АЛМАТЫ
жандосы.
АЛМАТЫ