Текті білудің тамыры тереңде
Халқымыз үшін тектілік ұғымы тереңде жатыр. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген тәмсіл қазіргінің сөзі емес. Бұл ата-баба дәуірінен бері үзілмей, сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі.
Еуропа елдері текті зерттеуді ХІХ ғасырда ғана қолға алса, бізде бұл ұғым Жәнібек ханның тұсында қалыптасқан. Бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым, шипагерліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан «Қандай ауруды емдеу қиын?» деп сұрапты. Сонда емші «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын» деп жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» деген ханның екінші сұрағына Өтейбойдақ «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспау керек. Жеті – қазақ үшін қасиетті сан» деген екен. Есімі елге танылған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан дем арасында жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып, «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығарады. Жәнібек қабылдаған жарлық қазақтар көшпелі дәуірде өмір сүрсе де бұзылған жоқ. Керісінше, бұл заң Тәуке ханның тұсында да күшіне енді. Тәуке «Жеті жарғы» бойынша жеті ата ішінде қан араластыруға тыйым салып, бұл әрекетке барғандарды өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырды. М.Қозыбаевтың дерегінше қазақ елі жеті атаға дейін қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінген. Соның арқасында түрлі дерттен аман қалған.

Қазіргі таңда теледидардың тетігін басып, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, бұрын көз көрмеген кеселге шалдыққан нәрестелерді байқаймыз. Әсіресе, мутацияға ұшыраған сәбилер соңғы кезде көбейіп кетті. Бірақ біздің елде емес, Еуропа елдерінде. Өйткені еуропалықтарда тек деген түсінік жоқ, оларда отбасы ұғымы ғана бар. Сондықтан болар АҚШ және Батыс Еуропаның онға жуық мемлекеті бір жыныстылардың некесін заңдастырып үлгерген. Тіпті біздің дініміз бен ділімізге мүлдем жат шаңырақ көтеру де осы елдерде кездеседі. Ал атын айтудың өзі қорқынышты аурулар осылайша қан тазалығын сақтамаудың салдарынан туындайды. Тіпті ғалымдар қан тазалығын сақтамағанның салдары перғауын әулеті мен 1917 жылы тақтан құлаған Ресей патшасына да тиді дейді. Мәселен, әйгілі Мысыр елінде б.д.д 59 жылы ХІ Птолемей перғауын бақилық болғаннан кейін тақ мұрагерлігіне 16 жасар қызы Клеопатра мен 13 жасар ұлы Птолемей қалады. Әлем тарихындағы белгілі тұлғалардың бірі Клеопатра сол замандағы Мысыр дәстүріне орай өзінің туған інісіне тұрмысқа шыққаны белгілі. Міне, бұл әулеттің жер бетінен жоқ болып кетуіне ғалымдардың айтуынша, туыс адамдардың қан араласуы себеп болған. Ал 1917 жылы тақтан құлаған Ресей патшасы ІІ Николайдың тағдырына келер болсақ, осы әулеттің оқиғасы да әлгіндегісіне ұқсайды. ІІ Николайдың баласы қан тоқтамайтын ауруға шалдығады. Тарихшылар баланың мұндай ауруға шалдыққанын ақсүйек әулет Романовтардың өзара қыз алыса бергендігімен байланыстырады. Осы мысалдарға қарап қазақтар жеті атаны бекерден-бекер сұрамайтындығын аңғаруға болады. Оның астарында ата-бабаларымыздың генетикалық қорғанысы жатқан болуы керек. Адам түгілі текті жануарлар да өз қанына шаппайды емес пе? Оның қасында жұмыр басты пенденің өзара қыз алысып, қыз берісуі шынымен көңілге қонымсыз. Мұндайға жол бергендерді дана халқымыз «Жақынына шапқан жаман айғырға» теңеген. Сондай-ақ «Тексізді төрге шығарма», «Тегін білмеген теріс бағады» деп тәмсілдеген.
Бір қызығы, жеті атаға дейін қыз алыспау ғылымда да кездеседі екен. Оның ғылыми атауы – экзогамия. Бұл грек тілінен аударғанда бір денеден тыс неке. Яғни экзогамия – аталас бір рудың ішіндегі ер мен әйелдің некелесуіне шектеу қойған дәстүр. Қазақ халқын осынау дәстүрді өте қатаң ұстанған экзогамистерге жатқызуға болады. Иә, халқымыздың бұл дәстүрді қатаң ұстанғандығы сонша жеті атасына қарап кімнің кім екенін анықтаумен шектелмей, «Қызды жеті өзеннен өткізіп ал» деген қағидаға аса мән берген. Отау құратын жас жұбайлардың туған-туыстары ұлдың да, қыздың да жеті атасына дейін анықтап, жете мән берген. Әсіресе, ақ босаға аттар қыздың тектілігіне назар аударған. Өйткені, балаға тектілік нағашы жұртынан беріледі екен. «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» деген бір ғана сөз осының дәлелі емес пе? Бұдан бөлек ғұлама-ғалым Мәшһүр Жүсіптің «Меңіреу әйелден меңіреу бала туады» деген сөзі де көпті ойландырады. Тексіз бала туғанда «Бұның шешесінің жатыры жаман еді», «Жатыры жаманнан қандай жөнді бала тусын?» деп қынжылуының өзі тектіліктің анасы арқылы берілетінін білдірсе керек-ті.
Тектілік туралы том-том кітап жазып, зерттеген ғалымдар қазақ маңдайында Аллаға шүкір, аз емес. Олардың әрқайсысын ашып қарасаңыз, ат төбеліндей ғана қазақтың даналығы мен кемеңгерлігіне таңдай қағасыз. Осы орайда аса көрнекті этнограф-ғалым, жазушы Жағда Бабалықұлы мынадай қызықты дерек келтірген екен. «Қазақтар тектілік танымды тек бес-он жыл ішінде емес, ұлт болып қалыптасып, тайпалық бөлістерден бері дарытқан. Сондықтан қазақтар ішінде кем-кетік адамдар сирек кездеседі. Қазақтарда тектілікті дәріптеудегі бұлжымас қағида – некелесу барысында тегіне қарау. Ежелден мейлі ұл, мейлі қыз жағы болсын балалары мақұлдасудың алдында тегін анықтайды». Бұл үрдіс қазір де жалғасын тауып жатыр. Өкініштісі, бірең-саран жастар өзім білемінге салып, қыздың ата-тегін сұрамастан жаулық жабуда. Я болмаса текті білместен қыз бен жігіт болып кездесіп, ақыр аяғында некесі қиылмай қалғандар қаншама?! Мұндай жағдайды өз арамызда да кездестіріп жүрміз. Сондықтан қызға қырындаған әр жігіт әуелі бойжеткеннің шыққан жерін біліп алса игі. «Қарындас» деп қырындап тұрғанда, расымен рулас қарындасы болып шықпаудың алдын алу керек.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА