Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың тұңғыш дәрігері

Қазақтың тұңғыш дәрігері

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы, емші.
Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен "Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған.

Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. Өтейбойдақ "Шипагерлік баян" кітабында өзі туралы былай дейді:

"Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім — Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жөнібек ханның қарашасымын. Жылым — иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын".

Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол төжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бүл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бөрін тәрік етіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп еткен.


04 желтоқсан 2019 ж. 2 738 0