Жаны жайсаң Нәйла!

Осындай тәрбиелі ортада өскен Нәйла жастайынан пысық, алғыр болды. Кейін өсе келе ұстаздық жолды таңдап, 1982 жылы педагогикалық институттың орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, қиын да қызықты ұстаздық жолға түсті.
Мен Нәйла Палымбетқызын тәрбие саласында жұмыс атқарып жүрген кезінен білетінмін. Ол ашық жарқын мінезімен, ешкімді жатырқамайтын кеңпейілділігімен, білімділігімен таныла бастады және қызмет бабында тез өсті. Оның бойында ерге тән ерлігі де, өрлігі де бар. 1986 жылдан бастап аудандық білім бөлімінде әдіскер, №244 мектепте ұстаз, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ал, 2001 жылы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді. Нәйла бұл қызметке келгенге дейін аудандық білім бөлімін жиырма жылдан аса Ж.Зермұхамбетов ағамыз басқарды. Ол кезде Шиелі ауданының білім бөлімінің жұмысы республикаға танымал болған еді. Осы жұмыстарды Нәйла Палымбет әрі қарай дамыта түсті. Ол ұстаздардың біліктілігі мен оқушылардың білім сапасына, тәртіп пен тәрбие мәселесін көтеруде қатаң талап қоюдан бастады. Нәйла аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметінен кейін бірнеше мекемеде басшылық қызмет атқарды. Қандай қызметтерді атқарса да өзінің жауапкершілігімен, сауаттылығымен, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін, әріптестері арасында үлкен беделге ие басшы бола білді. Ол барлық қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Қазір Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы.
Жүсіп Баласағұнның «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деген сөзі де осы Нәйлаға арналғандай. Тарихты жасайтын – тұлғалар. Ендеше Шиелі топырағы ешқашан тұлғалардан кенде болмаған. Даңқы елге таралған даналарымыз бен қайраткерлеріміз қазір де бар, келер ұрпақтың да тізімді жалғастырары кәміл.
Абай Баукенұлы,
зейнеткер - ұстаз
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі
зейнеткер - ұстаз
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі