Ақ қағазға жазғаны жыр ғана емес...
Өмірге, өлеңге бейжай қарай алмайтын ақынның қаламынан оқырманын да бейжай қалдырмайтын өлеңдер туады. Ол, өлеңді құрамайды. Көңіліне көшіп кеп, кеудесінде көлкілдеп тұрған, «ботадай боздап жүрген, боталы зарын қозғап жүрген» мөлдір жырын жазады.Ойландырады. Жүрегіңнің түкпірінде әлдеқашан ұйықтап қалған, сезім ұяшықтарын оятады. Қоғамда болып жатқан жайттарға жүрегін ауыртпай қарай алмайтын ақынның қай жинағын алып оқысаңыз да міндетті түрде сол болған оқиға туралы жүрек тебіренісін табасыз. Ақынмен бірге егілесіз, қайғырасыз, болмаса қуанасыз. Бүгін осындай ой түйдірген ақын, журналист Мәрия Жұматқызының «Өскен өңір» редакциясында өрілген өмірі жайлы аз-кем толғамақпыз.
Жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін бұл жалғанда ізгілікке ұмтылатын, саналы ғұмырын парасаттылыққа арнайтындар болады. Олардың өздері дүниеден өтсе де, есімдері ескірмей, халық жадында сақталады. Өлеңмен өрнек құрып, сан түрлі жанрда қалам тербеген Мәрия Жұматқызы Шиелі ауданының «Құрметті азаматы». Ол 1930 жылы сұлу Сырдың бойында, Сыр маржаны атанған Шиелі өңірінің «Талаптан» ауылында дүниеге келген. Буыны бекімей жатып, ұжымшар жұмысына белсене араласқан. 17 жасында Шиелінің тұрғылықты азаматы, белгілі сатирик-ақын, журналист Сейтқасым Сейтенұлымен бірге шаңырақ көтереді. Алайда, жұбайлық жақсы шақтары ұзаққа бармайды. С.Сейтенов 1961 жылы ауыр науқастан дүние салып, Мәрия апай 6 перзентімен қала береді. Асыл ана өмірінің соңына дейін келешек ұрпақтың жарқын болашағын ойлаумен өтті. Бұрынғылар осындай қасиетке ие адамдарды «сүйегі асыл, түбі текті» дейтін. Ал, ел анасы атанған Мәрия апайдың бойында қазаққа тән асыл қасиеттердің барлығы бар еді. Ол кісі мәдени-қоғамдық шаралардың да басы-қасында жүрді. Еске алу кештері мен жыр-мүшәйраларының құрметті қонағы болды. Тіпті, онсыз салтанатты кештер өтпейтін деп тілге тиек етеді көзін көргендер.

Мәрия апай еңбек жолын 1962 жылы аудандық халық сотында секретарь-машинистка болып бастайды. 1963-1990 жылдары аралығында аудандық «Өскен өңір» газеті редакциясында жауапты қызметтер атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Зейнетке шықса да екі жылдай аудандық «Қазақ тілі» қоғамында қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысқан және майданнан оралмаған аудан азаматтарының деректерін жинақтауға, іздестіруге атсалысып, «Боздақтар» кітабының шығуына үлес қосады. Тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденістің, жауапкершілік пен адал жұмыстың жемісі болар 2010 жылы Мәрия Жұматқызына Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Апай ақындығымен және журналистігімен қоса қоғамшыл, ұлтжанды еді. Оның қаламынан туған қара өлеңдер жинақталып, жыр кітабы жарық көрді. Сол Мәрия Жұматқызы бір өлеңінде
«Тоқсаныңды қайтемін бүкірейіп,
Сексенімде кетемін шікірейіп...» деп жазғаны бар. Құдайдың құдіретін көрмейсіздер ме, 2017 жылы жазғытұрым уақытта 88 жасқа қараған шағында Мәрия Жұматқызы дүние салды. Апай жайлы бұған дейін де көптеген мақалалар жазылды, бұдан кейін де жазыла береді. Себебі, 80 жылдан астам тарихы бар «Өскен өңір» редакциясында құстың қос қанатындай жұптасып қызмет істеген Мәрия Жұматқызы Сейітқасым Сейтенұлындай ақынның аяулы жары. Апай жайлы сөз қозғасақ, жолдасын айтпай кету мүмкін емес. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» десек, қаламының ұшына қоғамның бет-бейнесін салған қос ақын, журналистің ізгілікке толы ғұмыры, артына қалдырған мол мұрасы жас буынға рухани азық болып қала бермек.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
ҚР Журналистер Одағының мүшесі