Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Тәуелсіздік таңы атқалы бері, міне, 30 жыл. Осы уақыт аралығында жас мемлекетіміз қуатты қарқынмен дамып келеді. Міне, еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара Бала би ауылындағы «Мұрагер» бөбекжай-балабақшасында «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты шара жоғары деңгейде аталып өтті.
Аталған шараны «Мұрагер» балабақшаның басшысы Гүлнәр Жұмабаева мен әдіскері Бибігүл Қойшыбаевалар ұйымдастырды. Оған кіші топ тәрбиешілері Базаркүл Әбу, Әсемгүл Қожамбай, Күлзипа Сардарбек және музыка жетекшісі Гүлбақыт Мүрсәлиевалар шараның қызықты өтуіне атсалысты. Салтанатты шараға ата-аналар қонақ болып қатысып, бүлдіршіндер мемлекетіміздің осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерін өздерінің өлең жолдарына арқау етті. «16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн», «Тәуелсіздік – біздің ең басты бақытымыз», – дейді өз елінің патриот, отансүйгіш өрендері. Шараның көздегені де осы. Жеткіншектерді елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысында қатысушылар еліміздің өткені мен бүгінін саралап қана қоймай, болашағына да ой жүгіртті. Тәуелсіз еліміздің тамыры – жасампаздық рух болса, тұғыры – тіл, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында бейбіт әрі тату ғұмыр кешіп жатқан туған жеріміз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұстаным бойынша тек өркендеп, алға баса бермек.
Ертеңгілікте өз өнерлерін көрсеткен «Бүлдіршін», «Балдырған», «Ақкөгершін», «Айгөлек», «Балауса», «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері қатысты.
– Елу жылда ел жаңа дейді халық даналығы. Ал біз елу емес, небәрі 30 жылда қарыштап дамыған, төрткүл дүние мойындаған ел болдық. Өзгелер ғасырлап өтетін тарихи жолды бар болғаны ширек ғасырға жетпей жүріп өттік. Ол да болса Елбасымыздың, кешегі бабалар ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі көш бастар ағаларымыздың еселі еңбегі екені даусыз, – деді балабақша басшысы Г.Жұмабаева. Міне, жас ұрпақтың ұғынып, бізге жеткізгені, жеткізуге тырысқандары осы мазмұнның аясына саяды. Сонымен қатар, жүректерді қозғаған көрініс қойылып, әндер шырқалып, би де биленді.

Бибігүл Қойшыбаева,
«Мұрагер» бөбекжай балабақшасының әдіскері

28 желтоқсан 2021 ж. 639 0