Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақшадағы басты мереке

Бақшадағы басты мереке


Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Биыл міне, тағы да осы мереке «Жадыра» бөбекжай-бақшасында Тәуелсіздік күні кеңінен аталып өтілді. Барлық топтардың бүлдіршіндері безендірілген залға жиналып, мерекені тамашалауға келді. Алдымен Әнұран айтылып, балдырғандар қосыла шырқады. Экран арқылы елдің тарихи кезеңінен көріністер беріліп, бейнеролик көп назарына ұсынылды. Мерекенің басында аталған мекеменің меңгерушісі Жанар Нұртаева балаларды және ата-аналарды осынау ұлық мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнап, ашып берді. Шараның мәні мен маңызына тоқталды. Бұл мерекеде балалар желтоқсан жас­тары жайындағы мәліметтермен қанықты. Әр топтан балалар шығып, тақпақтар мен өлеңдер айтып, би биледі. Мереке балалардың танымын арттырып, қызықты болып өтті.
«Біз әрқашан еліміздің әсем табиғатын, байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек. Сол кезде ғана еліміз гүлденіп, көркейеді, әсем де көрікті республика болады. Еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүруіміз керек. Ел егемендігінің тұғыры жасампаз істердің жарқын болуында. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасын әлемге таныта аламыз». Міне, бұл жолдар мерекелік кештің балаларға ұғындырғаны еді.
Осылайша, балаларды дайындап, осынау шараны ұйымдастырып жүрген тәрбиеші Сәуле Жақсылықоваға ата-аналар алғысын білдіріп, тарасты.

Әбіл АСАН.
25 желтоқсан 2018 ж. 1 511 0