Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы
Қазақта «әдемі қартаю» деген сөз бар. Әр адам ақсақалды ата, кимешекті әже болғысы келеді. Алайда, бәріміздің қолымыздан келе ме? Ол – уақыт еншісінде. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қарттарын ардақтай білген елдің қашанда рухы – үстем, шаңырағы – биік» деген болатын. Жуырда, әлеуметтік жоба аясында «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Әдемі қартаю деген не?» атты 60-80 жас аралығындағы самайларын ақ қырау шалып, жүздерін әжім торлаған қарттарға арналған дөңгелек үстел өтті.
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Ал, сәнімен қартаю – абырой. Әрине, бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң балалары, немере-шөберелерінің төрінде маңғаздана отыру, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен ізгі ниетін қабылдау, оң батасын беріп, баршасын риза ету үлкен ғанибет.
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Ал, сәнімен қартаю – абырой. Әрине, бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң балалары, немере-шөберелерінің төрінде маңғаздана отыру, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен ізгі ниетін қабылдау, оң батасын беріп, баршасын риза ету үлкен ғанибет.
Аталған шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлы ашып берді. Сондай-ақ, ауданның денсаулық саласында көп жылдар еңбек етіп, ұзақ уақыт аудандық «Қызыл Крест» және «Жарты Ай» қозғалысын басқарып, Швеция, Норвегия, АҚШ-тан тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмектер беруге үлкен үлесін қосқан, бірнеше марапаттардың иесі Бердібай Түменбайұлы мен жұбайы Айымхан апай қатысты. Олар өздерінің бір шаңырақ астында 50 жыл тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандарын мақтанышпен айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Нұрмахан Назымханұлы мен жұбайы Орынкүл апай өсіп келе жатқан орта буын жастарға білімнің заңғарына шығып, үлкен маман иесі болуға тілек білдірді. Одан соң, Гиппократ орденінің, Қазақстанның «Алтын дәрігері» атағының иегері, шахматтан және самбо күресінен ССР спорт шеберлігіне кандидат, Шиелі аудандық шахмат федерациясының президенті, Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Мәлібекұлы мен жұбайы Тұрсынай апай жас ұпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға кеңес берді.
Келелі кештің келесі қонағы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Халық ағарту ісінің үздігі, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қалияш Дінқызы мен жұбайы Шағдат аға өздерінің басынан өткен қиындықтары мен жеткен жетістіктері ащы термен келгенін баяндап берді. Одан әрі әдемі қартаюдың үлгісін көрсеткен ардагерлерге жастар көкейдегі сауалдарын қойып, әсерлі әңгімеге ұласты. Өнерпаздар кеш соңында қонақтарды ән мен жырға бөледі.
Ш.Тілеубай