Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып


Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Сәлем, бейтаныс жан! Саған көкейімде жүрген, өзімді толғандырған есірткі туралы айтып, ой бөліскім келеді. Себебі, біз бейбіт елдің бақытты болашағымыз. Мен 11 сынып оқушысымын. Өзімді жан-жағына көз тастаған өзіндік ойы, пікірі бар, өмірге деген көзқарасын білдіре алатын ер-азамат қатарына жатқызамын. Расында, нашақорлық қоғам дертіне айналып отыр. Есірткі деген сөзі қазіргі таңда еш тітіркенбестен айта салатын сөзге айналды. Есірткі ол шөп. Есірткі – табиғи гармондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілерді әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі –есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гармондарды бөлу. Мысалы, кокайн жүйке қызметін қоздырған кезде ағза өзінің қызметін тежейтін гармондарды бөле бастайды.

Есірткінің есеңгіретінін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гармондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гармондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді. Егер есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Нашақорлық және құқық бұзушылық туралы құқық сабағында оқып, қылмыстың ең ауыр түрі екенін білемін. Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин (ақ ұнтақ) одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет дәмін татып көргенде көңіл-күйі көтеріліп, басқа әлемге енеді. Міне, осыдан кейін сол ләззатты өмір бойы іздеумен өтеді. Героин-адам организмін тез улап, жүйке жүйесін әлсіретеді. Осы жүйке жүйесінің әлсіреуінен өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Героин өз атауын «батырлық» («героический» сөзінен алынған) қасиеті үшін алады. Ғалымдар героин физикалық тәуелділік туғызбайды деген қате пікірде болған. Уақыт өте келе есірткінің басқа түрлерін тұтынушыларға қарағанда, геройнді қолданушыларда физикалық тәуелділік тез пайда болатындығы анықталды. Яғни геройн – есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі. Оған деген тұрақты тәуелділік күнделікті қолданғанда 10 күн ішінде пайда болатындағы белгілі. Геройннның үлкен мөлшерін күре тамыр ішіне еккеннен кейін нашақор 15-30 секунд бойы тәтті ләззат сезімінде болады.

Адамның өзінен-өзі бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге-біреу ықпал етеді, еліктейді, өзін ерекше етіп көрсеткісі келеді. Нашақорлық туралы кітаптан, теледидардан қоғамға да, адамның денсаулығына да зияны тигізіп отырғанын көріп, оқып отырмыз. Осы тақырып көзіме түскенде Абайдың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деген сөздері еріксіз ойыма орала береді.

Сонда адамдар неліктен азды? Жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын демекпін. Себебі, біздің қоғамда барлығы дайын.

Соның салдарынан азғындап бара жатырмыз ба? Ұстаз оқушыға, ата-ана баласына ауыр сөз айта алмайтын заман болды. Жақында ғана бір газеттен жас жігіттің туған қарындасына жасаған айуандық іс-әрекетін есірткінің кесірінен деп әлемге жар салып, өзінің әрекетінен опық жеп отырғаны жайлы оқыдым. Ол жігіт бұл жолға есірткіге ақша табуы үшін барғанын тіптен, өз қарындасы екенін білмегені жайлы, алдандым деп жазады. Сонда қолымызбен жасаған әрекетті есірткіге жауып отыра береміз бе? Сол жігіттің аузына есірткіні біреу апарып салды ма? Жоқ, өзінің жігерсіздігінің арқасында осындай қылмысқа тартылып отыр. Ендеше, достым, өз жолыңды өзің таңда демекпін.

Өркениет Идаятұлы,

Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы
04 қараша 2021 ж. 589 0