Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Арғымақтың» арғымағы

«Арғымақтың» арғымағы

Қазақта «Ердің атын еңбек шығарады» деген тәмсіл бар. Әр азамат ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы болып, биік белестерді бағындырады. Сондықтан болар, Мемлекет басшысы да еңбекқор ұлт болу керектігін жиі айтады. Ол үшін билік тұтқасын білегіңе іліп, төрелік ететін мамандықтың төрінде отыру міндетті емес. Қарапайым шаруа иесі болып-ақ мехнатты тірлікпен мерейлі болып жатқандар да жетерлік. Әрине, әр мамандықтың өзіндік қиындығы болады. Дегенмен, темір тұлпарды тізігіндеген Бақыт Бегжанұлы өз өмірін техникамен байланыстырған жан.
Түгін тарқатсаң майы шығатын, қазық қақсаң қарағай өсетін Шиелі кентінде дүниеге келген Бақыт Ділманов бала күннен техникаға әуес болыпты. Өйткені, оның әкесі Бегжан Ділманов саналы ғұмырын қиындығы мен қызығы мол жұмысқа арнап, абыройлы еңбектің мерейін тасытқан жан. Қаншама жыл № 1 «Арғымақ» автобазасында табан аудармай, жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Бір қызығы кейіпкеріміздің ағалары да аталған мекемеде жұмыс істеген.
Кейіпкеріміз Бақытта көлік жүргізіп жұмыстан келген әкесіне қызыға қарап, «мен де әкемдей боламын» деп армандайтын. «Әке көрген оқ жонар» деп, есейе келе Бақыт асқар тауының салған сара жолын жалғауды мақсат тұтады. Содан №1 «Арғымақ» автобазасында үлкен өмірдің баспалдағын «слесерь» қызметінен бастайды. Одан кейін, «МАЗ» жүк автокөлігін тізгіндейді. Жан тәнімен беріліп еңбек еткен азаматтың адалдығы, еңбекқорлығы, еліне деген сүйіспеншілігі – ғажайып ғибраттың қайнары. Жаны жақсылыққа толған жанның өмірі мен еңбегі көпшілікке үлгі боларлық. Олай дейтін себебіміз, саналы ғұмырының 46 жылын осы мекемеде өткізген майталманның өнегелі ісі көпке мәлім. Темір тұлпардың тізігінін ұстаған тәжірибелі маман еңбегінің жемісін көрер күн де алыс емес. Биыл зейнетке шықпақ. Қиындыққа мойымаған жігіт ағасының шаңырағынан береке кеткен жоқ. Еңбегі еленіп, білікті маманға айналды.
– Бақыт білікті, тәжірибелі маман екенін мекемеге келген кезде-ақ көрсетті. Ол өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, осы салада табан аудармастан қырық жылдан астам еңбек етіп жүр. Осындай мамандардың арқасында біздің жұмысымыз жанданып, тірлігіміз алға басып келеді. Оның бойында үлгі тұтарлық қасиет көп. Кейіпкеріміз бүгінде кәсібіне адалдық танытып, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондай-ақ, жұмысқа деген құлшынысына жұртшылық тамсанады. Өзінен кейінгі жастарға техниканың қыр-сырын үйретуде, – дейді «Арғымақ» автобазасының бас инжинері Нәсіпбай Көпенов.
Иә, бүгінде асқар тау әке, сүйікті ата, отбасының қадірлі отағасы 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, олардан 3 немере сүйіп ұрпағының тәтті қылықтарын қызықтап отыр. Автобазшылар әулетінің ізі Бақыт ағамыздың жұмысы әркез табысты боларын көрсетті.

Шапағат Тілеубаев
19 қазан 2021 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930