Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ

ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ



«Ердің атын еңбек шығарады» демекші, таяуда тынымсыз еңбектің арқасында «Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінің» студенттері ауданымыздың абыройын қорғап, жеңіспен оралды. Бұл – аудандағы іргелі оқу орындарының бірі саналатын колледждің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, бокстан шәкірт тәрбиелеп жүрген Базарбай Алданазаровтың еңбегінің жемісі. Өзінің мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында былғары қолғап киген шәкірттері биік белестерді бағындырып жүр.
Жуырда ғана облыс орталығында өткен бокстан жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, оқушылары өткізілген облыстық ашық біріншілікте Базарбайдың шәкірттері тағы да жоғарғы көрсеткіш көрсете білді.
Атап айтсақ, облыстағы барлық білім ордасынан келген студенттер арасынан Мағжан Орынбасаров 75 келі салмақта ІІІ орын, Давлатжан Қуандықов 69 келіде ІІІ орын, Жансая Ерназарова 60 келі салмақтылардың арасынан ІІІ орынды иеленді.

Ақпараттарды әзірлеген Ерұлан ДАТКЕНОВ.
17 сәуір 2018 ж. 2 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930