«Көгілдір отынның» қысымы реттелді
Жуырда аудандық баспасөз орталығында жылу маусымының жүруіне байланысты брифинг өтті. Брифингте Шиелі ауданы газ шаруашылығының директоры Айгүл Тұтқабайқызы табиғи газға байланысты дайындықтың қалыпты екенін айта келіп, ауданға қарасты елді мекендерге газ кіргізу жөніндегі жұмыстарды тарқатты.
Негізінде қысымды тұрақтандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жыл сайын қазан айының он бесіне дейін жүргізілетін. Биыл ауа-райының күрт суып кетуіне байланысты аздаған қиындықтар туындап, жылуға халықтың сұранысы артып, сала мамандары қажетті дәрежеде жылу беріп үлгермей қалды. Дегенмен, қазіргі уақытта құрылғылар ретке келтіріліп, қысым тұрақталған.

Жалпы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ Шиелі аудандық газ шаруашылығы бүгінде 7400 абонентті газ жүйесіне қосып, көгілдір отынмен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, Шиелі ауданына сағатына 32 мың куб қысыммен газ беруге қауқары жететінін айтып өтті. Жыл соңына дейін Н.Бекежанов ауылы мен Ш.Қодаманов ауылын газ жүйесіне қосу жоспарланған. Нартай ауылдық округінің тиісті құжаттары қазір сала мамандарының тарапынан қаралуда, жақын күндері нартайлықтар көгілдір отынның игілігін көретін болады. Ал, Ш.Қодаманов ауылының техникалық жұмыстары толықтай аяқталып, алдағы уақытта құжаттары тиісті мекемеге жолданады. Айта кетейік, жыл басынан бері жылу жүйесіне қосылу мақсатында техникалық шарт алу үшін 570 тұрғынның өтініші қанағаттандырылған. Кенттегі халықтың 90% газға қосылған.
2021-2022 жылдарғы жылу науқанына 15 қазаннан бастап, аудандағы 4 газ тарту пункті мен 35 шкафтар халыққа газ жеткізуге толықтай дайын. Сонымен қатар, басты мәселе тұрғындар газды дұрыс пайдалану керек. Ақауы бар газ құралдарын, мұржаларды пайдаланбағаны жөн. Көгілдір отынның жай күйіне тұрғындар барынша сақ болып, тиісті мамандарды шақырып, техникалық тексеруден өткізіп отыру қажет, – деді Шиелі ауданы газ шаруашылығының директоры Айгүл Молдраймова.
Шапағат Тілеубаев