ТІЛ ҮЙРЕТКЕН АҚЫЛБЕК
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ал, жаһандық бәсекеде үш тілді білуге басымдық берілуде. Сондықтан болар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ерекше назар аударып келеміз.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Бердақ – Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.

Бүгінгі заман талабы көп тіл білу. Осы талаптан табылып, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарытуға бар күш-жігерін салып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі – Ақылбек Пірімбетов. Ұстаздық еңбек жолын 1999 жылы №205 қазақ орта мектебінен бастаған ол, қазіргі таңда өзі 11 жыл білім алған №214 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Білім берумен қатар, өзге де шығармашылық, спорттық шараларда белсенді Ақылбекті нағыз шығармашыл, заманауи мұғалім десек артық болмас. Себебі, ол 2016 жылы ұстаздардың Республикалық білім жетілдіру институында 3 айлық «Жаңартылған білім бағдарламасы» аясында екінші деңгейлік курстан өтіп, сол институтта «Топтағы бірлескен оқу керек пе?» тақырыбында үздік коучинг өткізгені үшін арнайы грамотаға ие болды. Сонымен қатар, «НЗМ» ДББҰ ПШ орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» атты мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтап, 25 мұғалімге сертификат табыстады. 2018 жылы аудандық білім бөлімінің «Құрмет» грамотасымен, 2019 жылы білім қызметкерлері аудандық спартакиада ойындарында тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» бағамымен марапатталды.
20 жылдан астам ұлы жолда еңбек етіп келе жатқан ұстаздың төккен тері мен адал еңбегінің ақталып, мәртебесі қашанда биік болатынына сеніміміз мол.
Нұрай АСЫЛБЕКҚЫЗЫ