Nur Otan мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
Елордада Nur Otan партиясы мен Жазушылар одағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында алғашқы шара – «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлттық құндылықтарды өрістету жайлы істерді бірлесе атқару туралы ортақ бәтуаға келді. Қол қою рәсіміне Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Әлібек Асқаров, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды қаламгерлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясының басшылығы қатысып, Меморандум шеңберінде алда атқарылатын жобаларды пысықтады.
Жиында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ұйымның мемлекеттік және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде мақсаттарының тоғысатын тұстары көп екенін алға тартты. Ол екіжақты меморандумға қол қойып, Елбасы қойған міндеттерді бірлесе жүзеге асыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Биыл – еліміз үшін айшықты жыл. Осы 30 жылда біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп, шекарамызды шегендедік, ішкі-сыртқы дамудағы басты бағыттарымызды айқындадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен саяси-экономикалық реформалар одан әрі жалғасып жатыр. Елдің дамуы туралы айтқанда, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ғана емес, руханият мәселелері де ұдайы назарда болуға тиіс. Себебі Тәуелсіздіктің басты құндылықтарын екшейтін, оның мәнін өскелең ұрпаққа жеткізетін – әдебиет пен өнер өкілдері», – деді Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, Меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – еліміздің мәдениетін дамыту, елдің интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, сондай-ақ қазіргі заманғы жазушылар мен ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің дамуын ынталандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
Осы орайда партия Төрағасының бірінші орынбасары Жазушылар одағымен бірлесе отырып, жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін биылғы «Ұлы дала» байқауының мәні мен мазмұнына тоқталды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекет іргесін бекітудегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз рөлін айшықтау және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
Байқау «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі», «Балаларға арналған шығарма» атты бес аталым бойынша өткізіліп, әрқайсысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады.
Бірінші орын (1 жүлде) үшін – 1 000 000 теңге, екінші орынға (1 жүлде) – 750 000 теңге, үшінші орынға (1 жүлде) – 500 000 теңге жүлде белгіленіп отыр.
Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақындар, жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатыса алады.
Өз кезегінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет осындай байқаулардың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» таланттардың іріктеліп, көпшілікке танылуына септесетінін алға тартты. Ол ел ішіндегі таланттардың танылуын ынталандырып, шығармашылыққа, өнерге, мәдениетке ұдайы қамқорлық танытатын партия басшылығына жазушылар қауымының атынан ризашылығын білдірді.
Ал «Ұлы дала» байқауы комиссиясының төрағасы, белгілі жазушы Әлібек Асқаров осындай шығармашылық байқаулардың маңызына тоқталып, оған түскен жүздеген шығарманың арасынан бір-екі үздік туынды анықталып жатса, оның өзі руханиятымыз үшін үлкен жетістік саналатынын айтты.
Содан кейін сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы жанындағы республикалық Miras қоғамдық кеңесінің төрағасы, ақын Жанарбек Әшімжан партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында руханият пен мәдениетке тиісті назар аударылып, біршама жобалар жүзеге асқанын алға тартты.
Осы орайда партия Төрағасының бірінші орынбасары зиялы қауымның қоғамдық өмірдегі белсенділігі өте жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылы партия өткізген праймеризге республика бойынша 350-ден аса қаламгер, публицист, айтыскер, журналист қатысқан.
Байқаудың шарттары бұқаралық ақпарат құралдарында, партияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ аikyn.kz сайтында, Miras партиялық жобасының Facebook парақшасында жарияланады.
Байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдау 2021 жылғы
1 қазан мен 30 қараша аралығында жүзеге асырылады. Келіп түскен жұмыстар аikyn.kz сайтында «Ұлы дала» айдары аясында жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
https://egemen.kz