Құрметте ұстазыңды ұлы адамдай
Ұстаз! Орны бөлек ерекше жан. Әр сәтте екінші анаңдай қорғап, қолдап жүретін жалғыз адам. Ұстаз – білім ғана емес, тәлім-тәрбиені де үйретеді. Ұстаздарды өз анамыздай сыйлап, құрметтеуіміз керек. Себебі, ол барлық әлемге, барлық маманға білім беріп, тәрбиелейді. Қарапайым қара да, сөзге шешен дана да, ел билеген әкім де, жауды жайратқан батыр да ең алдымен ұстаздың ұлағатын алған. Еркелігімізді көтеріп, ертеңімізді ойлайтын жанашыр жандардың қадірін білейікші. Себебі, кейбір балалар мектепте бұзықтықты көп істейді. Сабақ үстінде шу шығарып, тіпті, кешігіп келеді. Сонда еріксіз «Олар неге ұстазды өз анасындай құрметтемейді?» деген ой туады. Үйде әкем жиі айтады. «Бұрын ұстазымыздың қарасы көрінсе басымыздағы қалпақты шешіп, сапқа тік тұрушы едік. Сонда ол кісілер айқайлап ұрыспаушы да еді. Бірақ, біз ұстаздарды қатты құрметтедік. Ал, қазір ұстазынан қорқатын емес, оларды қорқытатын балалар көбейіп барады. Бұл үйдегі біздің тәрбиенің де әлсіреп бара жатқаны шығар. Сондықтан, ұстаздарыңды ұлы адамдай құрметтеңдер. Алдын кесіп өтпеңдер» деп үйретеді.
Ал, бұзық балаларды не істейміз? Егер ұстазымыз шәкіртіне дауыс көтеріп, сес көрсете алмаса қайда апарамыз? Тәртіп сақшыларына айтып бергім келеді, кейде. Бірақ, бір сыныпта оқып жүрген достарымды да қиянатқа қимаймын. Сондықтан, оқушылар, достарым ұстаздарды сыйлайық!
Ұстаз деген білімді де жан-жақты,
Ұстаз деген сабырлы да салмақты.
Анасындай әр балаға қамқоршы,
Қорғаны бол ұстазыңның ардақты
Нұрсауле Пірмағанбет,
№50 Абай атындағы орта мектебінің оқушысы