Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Індет үдеп барады

Індет үдеп барады


Өкінішке орай өткен тәулікте Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа енді. Мұнымен қоса, бір күнде 84 адамнан ковид анықталды. Аймақ басшысы «қызыл аймаққа» енген Сыр еліне алаңдаушылық білдіріп, сақтануға шақырды.
– Қазіргі таңда, коронавирус індеті қайта өршу үстінде. Былтыр осы кезеңде қаншама жақын-жуығымыздан, жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан айрылып, Туымыз төмен түсіп, қара жамылдық. Ол күндер мәңгі ешкімнің есінен кетпейді. Биыл да індетпен ауырғандар күннен күнге тоқтаусыз көбеюде. Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде.
Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын, – деп карантин талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды облыс басшысы.
Бүгінгі күні облыста 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр. Өкініштісі вирусқа жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдығып жатыр. Әсіресе, 20-69 жас аралығынды азаматтар арасында белсенділік байқалуда.
Соңғы дерек бойынша ауданда 18 250 адам екпе алса, 1 шілде мен 16 шілде аралығында 47 адам вирус жұқтырған. Оның алтауы балалар. Байқасаңыз, былтырғы пандемияда балалар болмаған. Қазіргі мутацияланған вирус түрі балаларға жиі әсер етуде.
Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасы тез және ауқымды болып тұр. Осыған байланысты ерте ме, кеш пе, халық инфекцияны жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн. Тек екпе алу арқылы ғана эпид ахуал бәсеңдемек.

Ақбота БАЯНБАЙ
16 шілде 2021 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930