ҚЫЗЫЛОРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»
Еліміздегі эпидемиологиялық аймақ көрсеткіші соңғы тәулікте өзгерді. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа енді.
21 сәуірде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «қызыл» аймаққа енгеніміз жайлы дабыл қаққан болатын. Араға 4 күн салып, яғни сәуірдің 25-інші жұлдызында Қызылорда облысы «сары» аймаққа ауысты. Енді, міне «жасыл» аймаққа айналды. Алайда, «жасыл» аймаққа ендік деп арқаны кеңге жаюға болмайды. Бұл қауіптің сейілгенін білдірмейді, босаңсуға негіз жоқ. Себебі, коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы ахуал әлі де тұрақсыз. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамауды сұраймыз және де қауіпсіздік ережелері өзгерген жоқ. Үйден бір адым тысқары шыққан сәттен бастап үнемі бетпердемен жүру, әлеуметтік арақашық сақтау, қолды сабынмен жиі жуу, антисептик пайдалану және оны өзіңізбен әркез бірге алып жүру, көпшілік жиналатын жерге баруды мүмкіндігінше шектеу, ауру белгілері байқалған сәттен бастап медициналық көмекке жүгіну. Сондай-ақ, өзіңіз бен жақындарыңыздың саулығы үшін вакцина қабылдау кеселдің таралуына тосқауыл болатынын еске саламыз.

Ақбота Баянбай