Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызыл» аймақ тәртіпті қайта күшейтті

«Қызыл» аймақ тәртіпті қайта күшейтті


Қызылорда «қызыл» аймаққа енді деп 21 сәуір күні Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Көп ұзамай облыс басшысы фейсбук әлеуметтік желісінде: «Бүгін облыс «қызыл аймаққа» енді. Бұл қуанатын жағдай емес. ...жерлестерім, қауіпті індет ұзаққа созылмас үшін қағидаттарды ескеріп, өз денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, карантин талабына бағынуға шақырамын. Ел болып қатерлі індетті бірге жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік! Жақынымызға жанашыр болайық! Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!» деген жазбасы арқылы сақтануға шақырды.
Жоғарыда айтқанымыздай, соңғы 21 сәуірдегі дерек бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа енген болатын. Осыған байланысты облыстың бас санитариялық дәрігері Д.Жаңабергенова жаңа Қаулы қабылдады. Жаңадан қабылданған №9 қаулы бойынша шектеулер енгізілді. Атап айтар болсақ, супермаркет, гипермаркет сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, ал шағын дүкендер штаттық режимде жұмыс жасайды. Сауда орындары мен базарлар 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетсе, сенбі, жексенбі күндері жұмыстары тоқтатылады. Бұған қоса, қоғамдық тамақтану орындары 50 процентке жұмыс жасап, 30 орыннан асырмай сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Егер адамдар мейрамхананың ашық ауласында отыратын болса, сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат берілді. Фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, жабық бассейндер, СПА және массаж орталықтарының жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін белгіленіп, демалыс күндері жұмыстарын тоқтатады. Жаңа ережеге сәйкес сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтардың жұмысы сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін деп белгіленді. Ал, білім беру мекемелері 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта, оқу бітіретін сыныптар 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтан аралас форматта 15 адамнан аспай оқытуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге де орын санына шектеу қойылды. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-і қашықтан жұмыс істеуге, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына тек алдын ала телеграмм-ботпен брондау арқылы сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс жасаса, діни объектілерінің жұмысын, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салды.
Енді өңірлік деректерге сүйенсек, СЭББ басшысы Гүлзада Айтекееваның айтуы бойынша, эпидемиялық жағдай соңғы күндері күрт нашарлап, індетпен ауырғандардың саны бүгінде 108-ге жетті. Оның 53 симптомды, 55 симптомсыз. 2-14 жас аралығында – 16, 15-29 жас аралығында – 20, 30-60 жас аралығы – 43, 60-89 жас аралығы – 22 адам тіркелген. Ал, контингент бойынша, мектеп қызметкерлері арасында – 8, жұмыссыздар арасында – 27, зейнеркерлер арасында – 20, жұмысшылар – 22, балалар (ұйымдаспаған топ) – 6, оқушылар арасында – 9, медицина қызметкерлері – 2, балабақша қызметкерлері арасында – 3 жағдайдан тіркелген. Жалпы, кент ішінен 80 адам індетті жұқтырған. Алғабас, Жиделіарық ауылдарында – 4, Байсын, Досбол би, Ортақшыл, Нартай ауылдарында – 3 жағдайдан, Ботабай, Сұлутөбе, Алмалы, Ы.Жақаев, Ш.Қодаманов – 2, Еңбекші, Бала би ауылдарынан – 1 жағдайдан тіркелген. Негізінен мобилдік топ әлеуметтік қашықтықты, бетперде-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Атап айтар болсақ, бейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов бастаған мобильдік топ мүшелері індетке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда, тұрғындар кеселдің салдарын білсе де сақтанар емес. Сондықтан, әлемді жаулаған індеттің таралуы күшейіп, облыс «қызыл» айммаққа кірді. Негізінен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы тұрғындардың вакцина алуына тікелей байланысты. Себебі, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес коронавирусты жеңудің бірден бір жолы вакцина. Қалай болғанда да жұқпалы дертті ауыздықтауға бірлесіп кіріспесек болмайды.

Ақбота БАЯНБАЙ
24 сәуір 2021 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930