Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Би өнері – ұлттың мәдени байлығы

Би өнері – ұлттың мәдени байлығы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Арман мәдениет үйіндегі «Арман» би үйірмесінің «Би өнері – ұлттың мәдени байлығы» тақырыбында есеп беру концерті өтті.
Би өнері сонау 15-18 ғасырда пайда болған деседі. Ал термин ретінде «Хореография» терминін француз би үйретушісі Р.О.Фейе енгізген.
Қазақ елінде би өнерінің ханшасы – Шара Жиенқұлова қазіргі бишілерге үлгі, өнегелі тұлға. Оның ізін жалғаушылардың бірі – «Арман» би тобы бұл күнде түрлі додаларда бақ сынасып, топ жарып жүр. Мың бұралып, өнерлерін паш етіп жүрген бишлердің жетекшісі Римма Ералы. Үйірме құрамында 3 түрлі топ бар: үлкен, орта, кіші. Топтарына қарай жастары да әртүрлі, яғни бүлдіршіндерден бастап ересектерге дейінгі құрам өнер ешқашан жас талғамайды деп біледі және би өнерін ынта-ықыласпен жақсы көреді.
Ән менен би бір-бірінен ажырамас егіз ұғым. Әсем әуен арқылы жан жадыраса, мың бұралған бишілердің Қазақ», «Аққу», «Әшекей», «Орыс», «Хорезм», «Әскери», «Моно-моно», «Қоңырау», «Зонтик», «Сиыр», «Достық» би өнерінен аудан тұрғындарының көңілі шабыттанды.

Ақбота Баянбай
29 маусым 2021 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930