Сыр сұқбат
Алла Тағала ақындық өнерді екінің бірінің бағына бұйырта бермейді. Бірақ қара өлеңде бағы жанған арманы бөлек, талғамы басқа ауданның жас ақын қыздың әсерлі өлеңі кімнің болмасын жүрек түкпірінен орын алары сөзсіз. Қатігездік қаптаған мына заманда жүрегі жырға толған, кез келген дүниені өлеңге айналдырып жіберетін тіпті, өмірін өлеңмен өрнектеп, «махаббат» деп аталатын құдіретті сезімді жырларына қосып жүрген жандардың бірі – Сымбат Сұлтан. Жүректерге жыр болып құйылу үшін, ғашықтың тілімен жырлай алу керексің ғой. «Ақын жүрегі – кіршіксіз махаббаттың кірлемес отаны» деген рас екен-ау! Оқырманға тың туындысы, ойлы өлеңімен танылып келе жатқан жас ақынмен сұқбат өрбітпекпіз.
– Әуелі өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз? Қазір немен айналысып жатсыз?
– Менің толық аты-жөнім Сұлтанова Сымбат Серікқызы. Ата-әжемнің қолында өскеннен кейін бе, өз бойымда нағыз қазақылықтың иісі аңқып тұрады. Ес білгелі жаныма қағаз, қаламды серік етіп, өз өмір жолымдағы өлеңдерді ақ параққа айнытпай көшіріп келемін. Қазіргі таңда аудан айнасына айналған «Өскен өңір» газетінде шығармашылығын шыңдаудамын. Бала күннен журналист болуды армандадым, сол себепті, осы жұмысым арқылы көптеген жандармен танысып, газет-журналға деген махаббатым одан сайын арта түсті.

– Әлеуметтік желідегі парақшаңызға «ақын жүрек» деп атау беріпсіз, неліктен «ақын жүрек» ?
– Ең алғаш есімде... ол кезде мен алтыншы сыныпқа жаңа қадам басқан оқушы қыз едім. Біздің үйдің іргесінде тұратын Дүйсенбек деген марқұм атам өлеңдерімді сүйіп оқитын. Балалықпен жазылған өлеңдеріме ерекше баға беріп, мені көрген сайын «ақын жүрегім» деп алып ұшатын. Содан инста әлеміне келгеннен кейін өз парқашамды «ақын жүрек» атауымен қойғым келді. Бүгінгі таңда оқырмандарым мені «ақын жүрек» деп таниды. Бұл менің екінші есіміме айналды. Қазіргі таңда, бұл атаудың маған көп пайдасы тиіп жатыр, алдағы уақытта «aqynjurek» есімін бренд ретінде қалыптастырғым келеді.

– Әлеуметтік желідегі өлеңдеріңді шолып шықсақ, махаббат жайлы қалам тартыпсыз? Оның артындағы муза кім?
– Енді кез келген ақынның өлеңіне себепкер болған музасы болады. Марқұм Фариза апамыз да көзі тірісінде махаббат тақырыбында қалам тербеп кеткенін бәріміз жақсы білеміз. Осындайда «Біреуді жақсы көрген қандай жақсы» деген Фариза ақынның өлең жолдары ойға оралады. Менде бойжеткен шағымнан бастап, махаббат тақырыбындағы өлеңдерден құр қалған емеспін. Ақынға керегі махаббат, ал махаббат болмаса, ешқандай өлеңдер жүректен шықпайды. Музам туралы көп айтқым келеді, бірақ ол жағы құпия болсын.

– Сіздің сөзіңізге жазылған әдемі әнді естіп қалдық? Нақты қандай әншілердің әндеріне сөз жаздыңыз?
– Біздің эстрадамызға танымал ерке қыздарыңыз Айгерім Мамырованың орындауындағы «Кештім сені» әніне сөз жазған болатынмын. Одан бөлек, өнер өлкесіне енді қадам басып жатқан жас буын әншілермен бірге жұмыс жасап, әуезді әндердің авторына айналдым. Алдағы уақытта елімізге белгілі халық сүйіп тыңдайтын эстрада майталмандарымен бірге жұмыс жасау ойда бар. Менің мақсатым ұмыт болып кеткен мағыналы әндердің рухын қайта ояту.

– Алдағы уақытта өз өлеңдеріңізді кітап қылып шығару ойыңызда бар ма?
– Әрине, бұл бала күнгі арманым ғой. Сол арманға жету үшін аздаған қадамдар қалды. Бұйыртса, қалың жұртшылыққа жол тартар жақсы дүниені жоспарлап жатырмыз.

– Сіздің есіміңіз аталғанда менің ойыма «Сенімен ауырып қалдым» өлеңі оралады? Бұл өлеңіңіз қалай дүниеге келді?
– Бұл өлеңім студенттік жылдарымда жарық көрген. Махаббат әлемімен ауырырып жүргенде жазылса керекті...

– Шабытты қайдан аласыз?
– Шабытты сәттерден аламын. Кейде бір сәттік бақытты немесе бақытсыз кездер болады. Сол кезді пайдаланып өлең жазып қалуға тырысамын. Дегенмен, кейде өлең жазбай кететін кездерім болады. Шығармашылық тоқырау кез келген ақынның басынан кешетін жағдай. Бұндай жағдайда өзіңді қинасаңда өлең өмірге келмейді.

– Бүгінде поэзияға бет бұрған өзіңіз секілді жастар поэзияның кірпішін қалап жатыр. Қазіргі ақындарға ақын ретінде көңіліңіз тола ма? Немесе «мына бір ақынның өлеңі тәуір еді, бірақ айтыла бермейді» дейтіндей замандас ақындарыңыз кездесе ме?
– Өлең жазып жүрген кез келген ақынның өнерін ерекше құрметтеймін. Поэзия әлеміндегі барлық ақын бір-біріне туыс. Мен өзге ақындардың өлеңіне көңілім толмайды деп айтуға құқығым жоқ. Мен ақын таңдамаймын, өлең таңдаймын. Ауыз толтырып айтатындай замандастарым өте көп. Алысқа ұзамай-ақ өзіміздің ауданда төбе көрсетіп жүрген Аружан Оралбай деген ақын қызымыздың өлеңдерін жоғары бағалаймын.

– Жалпы, ақын ретінде кімді мойындайсыз?
– Мәселе, мойындап, мойындамауда емес, бірақ бүгінгі замандастарымның басым көпшілігіне көңілім толады. Әсіресе, Биболат Сәтжан, Мерген Тоқсанбай, Айдар Сайлауов, Алмат Сәтбайұлы, Шадияр Есенәлі, Жадыра Байбұланова, Мирас Асан, Назерке Серікқызы, Нұрай Талап, Жақсылық Асқарбек сынды ақындардың өлеңдерін сүйіп оқимын. Олардың барлығы менің өнерде жүрген достарым, аға-әпкелерім. Алдағы уақытта ақын бауырларымның шығармашылық жолына табыс тілеймін.

– «Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» дейді ғой М.Шаханов. Барлық адамда белгілі арман болады. Өзіңнің арманың қандай?
– Арман, шіркін, бітер ме екен? Әрине, армандарым өте көп. Жүрек түкпірімде жатқан үлкен арманымның бірі көзге көрінбей, еленбей жүрген мықты деген ақындардың басын қосып шағын орталық ашқым келеді. Әрине, оған біздің өнерімізді бағалайтын билік басындығылар болса...

Алланың маған берген өнерін одан әрі дамытып, қазақтың атын қара өлеңмен шығарғым келеді. Менің шығармашылық жолдағы басты армандарым осы.
– Айтулы ақын Т.Айбергенов «Мен бәлкім, жүз қызға ғашық болған шығармын» дейді бір өлеңінде. Өнер адамдары жиі ғашық болады деген сөз бар. Сіз жиі ғашық боласыз ба?
– Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі осы. Байқасаңыз, махаббат тақырыбында өте көп қалам тербеппін. Сұлулық көрсем ғашық болам да, тұрам. Расында махаббаттың бастығы болсам, барлығын бақытты қылар едім. Әттең, жүрек шіркін біреу ғана. Бірақ, көңілдің қалауымен жүректегі сезімдер ұштасқан кезде, жауһар жырлар жазылуы тиіс. Қыз баласы болған соң көп нәрсені жазуға аяқ тартатыным тағы бар.

– Әншінің бағын ашқан әндеріңізді қаншаға бағалайсыз?
Ол жағы әнші мен ақынның арасында құпия болып қалсын.

– Инста әлемінде өзіндік орыны бар ақындардың біріне айналып келе жатырсыз? Танымалдылық табыс әкеледі ме?
– Осы өлеңіммен табыс тауып жүргеніме бес жылдың көлемі болып қалды. Осы күніме Аллаға шүкір деймін. Және де Алланның берген өнерін табыс көзіне айналдырғаныма еш қысылмаймын. Адал еңбекпен тапқан нан қашан да тәтті.

Сұқбаттасқан
Шапағат Тілеубаев
Шапағат Тілеубаев