Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіз лебіз байқауы

Егіз лебіз байқауы


17 сәуір күні «Арман» мәдениет үйінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мерекесіне орай, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Білім қызметкерлері кәсіподағы Шиелі аудандық комитетінің қолдауымен, Арман мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Егіз лебіз» атты ән байқауы өтті.
Мәдениет қызметкерлері мен білім саласынан біріктірілген 16 жұп сахна төрінде ән шырқап, көрермендерді тәнті етті. Көптің көкейінде ұзақ сақталатын бұл байқау тартысқа толы сайыс болды. Байқау 2 кезең бойынша өтті. Қатысушылар 1 кезеңде патриоттық ән орындап көрерменді рухтандырса, 2 кезеңде заманауи үлгідегі әндерді орындап бақ сынасты.
Сайыстың қорытындысы бойынша 3-орын – Жиделіарық ауылы Рахат Қалкөзов пен Айнұр Мәмбетбаева, Алмалы ауылы Мөлдір Әлиева мен Лиза Ергешова, Бестам ауылы Ұлдана
Амирова мен Гүлжайна Әбдіқадірова, 2-орын –
Гүлнұр Әбілова мен Жадыра Байділдаева, Сұлутөбе ауылы Самал Жұбандықова мен Айдос Ембергенов, 1-орын – Нартай ауылы Айгүл Еркінбайқызы мен Айнұр Оспанова иеленсе, бас жүлдені Ұлдана Мүсиева мен Қарлығаш Абиева жеңіп алды. Байқауға қатысқан басқа да қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хат берілді.

Ақбота Баянбай
24 сәуір 2021 ж. 1 175 0