Қызылордада вакцина салдыруға ниет білдірген тұрғындар саны өсті
ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы №6 қалалық емханада коронавируске қарсы вакцина салдырған тұрғындар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Емханада 5 мобильді екпе егу бригадасы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Әрбір мобильді топта дәрігер мен 2 вакцинатор бар. Дәрігер екпе қабылдауға келген адамды зерттеп алады. Ол әрбір адамның түрлі ауру түрлерімен есепте тұрмайтынын, жүкті немесе бала емізбейтінін нақтылайды. Сол сәттегі денсаулық жағдайын таразылайды. Содан кейін вакцина қабылдауға рұқсат береді. «Талап бойынша вакцина алған адам 30 минут бақылау бөлмесінде болады және 21 күннен кейін екінші мәрте екпе қабылдауға келеді. Бүгінге күнге дейін емханада 1970 адам вакцина салдырса, сәуірдің аяғына дейін олардың қатарына тағы 1200 адам қосылады деп жоспарланып отыр.Үшінші кезеңде мектеп-интернат, балабақша мұғалімдер, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарға екпе салынады», - дейді №6 қалалық емхананың бас дәрігері Кожарипова Жанат Шайхисламқызы Қожарипова . Мамандардың айтуынша, алғашқы кезекте коронавирустық инфекцияның таралу қаупі бар және жоғары халықтың осал топтары оған қарсы екпе алды. Екінші кезеңде жоспарға сәйкес қазіргі таңда вакцинация бірінші кезеңге кірмеген орта мектеп, жоғары оқу орындары мұғалімдері, медицина қызметкерлері қамтылуда. «Қазіргі таңда өңірдегі мектептер онлайн әдістен штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Сондықтан екінші кезеңде жоспарға сәйкес ұстаздар қауымы вакцина салдыру,а ниет білдірді. Негізігінде вакцинадан ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Мен өзімнің жақындарымның, оқушыларымның денсаулығы үшін жауапкершілікпен №6 қалалық емханада екпе салдырдым. Одан кейін ешқандай жанама әсер болған жоқ, температура да қалыпты. Әрі қарай күнделікті жұмыстарыма кірісіп кеттім», - деді №222 мектептің мұғалімі Күміс Масенова. Бұған дейін Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік.
inform.kz