Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділдік жоқ жерде жемқорлық жүреді

Әділдік жоқ жерде жемқорлық жүреді

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойыл­май отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей, біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отырғандығы сөзсіз. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар бірауыздан жүргізулері тиіс.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтан, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық не керек, денсаулығың болмаса, төрелігің не керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөзді жадымызда ұстағанымыз жөн.

Е.Мейірбекұлы,
Еңбекші ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы
26 наурыз 2021 ж. 684 0