Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Салғырттық сан соқтырады

Салғырттық сан соқтырады

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, қайда пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, жемқорлықпен күрес барша халықтың борышы екендігін атап көрсетті. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алуда пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық сияқты құқық бұзушылықты анықтау, оны болдырмау және алдын алу қоғамның әрбір азаматының борышы екенін біліп отырсақ, бұл дерттен арылу қиын еместігіне көз жеткіземіз.

Жанат БАЙСЕЙІТОВА,
Шиелі аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы,
бас қазынашысы
28 мамыр 2019 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930