Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 наурыз – амал мерекесі

14 наурыз – амал мерекесі

Көктемдегі ерекше мейрамның бірі – амал мерекесі. 12 наурыз күні Ақмая ауылында ауыл әкімі Б.Сағындықовтың ұйытқы болуымен және ауылдық клуб қызметкерлерінің атсалысуымен «Алқалы жұртым, армысың» атты мерекелік шара өтті. Дәстүрден жаңылмай амал шыққанына қуанып, көрісу мейрамын Ақмая ауылының қариялары бір-бірімен көрісіп, бата, тілекпен бастады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы ­Кенжетай Палмағанбетов, ардагер ұстаз ­Раушан Нұрымбетходжаева, Ағайдар Жұмағұлов, ­Ишанбай Жәлікұлы, Жаңғали Сағындықов пен Аманкүл Нұрбекова, Каналбай Орынбаев, Майгүл ­Кенебекова, Меңдігүл ­Есенбекова көрісіп, төс қағыстырды. Ақмая ауылдық мәдениет үйінің директоры Алмат Қалекеев пен жетекші Рауан Рүстемова үлкендерге ізет көрсетіп, ән-жырдан шашу шашты. Ауыл әкімі Бағлан Сағындықов үлкендерден бата сұрап, қарияларға денсаулық тіледі.
Амалдың шыққаны, көрісу мерекесі, барлығы да табиғаттың қайта түлеп, жанданғанын білдіріп, жаңа жылдың келгенін, көктем жайма-шуағымен нұрландырып, тіршілік жаңарып, құбылыстар ерекшеленгенін аңғартады. Өткенге өкпе артпай, жаңа күнді қуанышпен қарсы алады. Тіршіліктің бас­тауы болған көктем мезгілі барлығына құтты, берекелі болуын тілейді.

Ақбота МҰРАТҚЫЗЫ
15 наурыз 2021 ж. 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930