Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмаяға арналған ән

Ақмаяға арналған ән


«Нұрына бөленген ай мен күннің,
Ордасы ежелден ән мен жырдың.
Ақмая ауылым деп соғады,
Дүрсілі сен үшін жүрегімнің» – деп, ауыл жайлы қалам тербеп, ән шығарған Ақмая ауылдық клубтың меңгерушісі Алмат Қалекеев «Ақмая ауылым» атты жаңа әнді нотаға түсірді. Сөзі мен сазын келістіріп, жұп-жұмыр, теп-тегіс әсем туындыны дүниеге әкелген клуб меңгерушісі жаңа әуенді ақмаялық жас әнші Дилназ Жұмбекованың орындауында көпшілікке ұсынды. Айта кетейік, биыл Ақмая ауылына 80 жыл. Мерейтойға тарту ретінде қаржылық қолдау көрсеткен аудандық мәслихат депутаты, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков сейсенбі күні салтанатты түрде әннің тұсауын кесті.
Әркімге өзінің туған жері жерұйық. Біз, дүниежүзінің түкпір-түкпірін аралап, сәні мен салтанаты артқан әсем қалаларды көрсек те, дүниеде ешкімге, ешнәрсеге айырбастамайтын, теңестірмейтін туып-өскен ауылды қалай жырласақ та жарасады. Ақмая ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шарада Кенжебай Жүсіп, Анар Ысқақова, Талғат Қалкөзов сынды аудан өнерпаздарымен қатар «Аймира» балабақшасының тәрбиешілері де өнер көрсетті. 2,5 мыңнан астам халқы бар Ақмаяның төрінде күй қалықтап, әннен шашу шашылды. Ақынның жүрегінен жыр, диқанның алақанын дән, әншінің көмейінен ән болып төгілген «Ақмая ауылым» әні ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Ал, әннің авторы А.Қалекеев «Шиелідегі той», «Астанаға тарту», «Ғашықтар мекені», «Екеумізге» т.б түрлі әуезді әндерді жарыққа шығарып, байқауларда жүлделі орынға қол жеткізіп келеді. Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Палмағанбет ақ батасын берді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.
21 қазан 2018 ж. 1 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031