Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ күріштен тау тұрғызған Нар тұлға

Ақ күріштен тау тұрғызған Нар тұлға


Өз бақытын еңбектен тапқан Ыбырай Жақаев елінің де, өзінің де атын шығарды. Туған жерге қайыңды қара кетпенімен еңбек етіп, сыр маржаны аталған күріш дақылын өсірудің шебері болып, ақ күріштің атасы, дала академигі атанды.
23 ақпан күні «Ақ күріштен тау тұрғызған Нар тұлға» атты екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ы.Жақаевтың 130 жылдығының ашылу рәсімі өтті. Кеш театрландырылған қойылым және Ыбырай ата туралы бейнероликпен басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов пен облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Әбуова Мира ашып, жылы лебіздерін білдірді. Сахна төріне Ыбырай Жақаевтың ұлы Жақай Сейітбек Ыбырайұлын шақырып, құрметпен шапан жапты. Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер Пердалы Архабаев сөз алып, жастарды жұмысты үлкен-кіші, оңай-қиынға бөлмей, Ы.Жақаев атамыздан үлгі алып, «Еңбек ердің, ер елдің атын шығаратынын» мақсат етіп, адал еңбектенуге шақырды. Өнерпаздар кешті әсем әуендерімен тербеді. Дәлірек айтқанда «Жақаевшылар маршы» әнін Г.Әбілова, Г.Тұрсынбек орындады. А.Ноғайбаева және М.Бекпейіс терме мен жырдан шашу шашса, Арман-асыл аналар ансамблі «Қырманға кел, қалқатайды» айтып, егістік алқабынан бір-ақ шығарғандай болды. Ал Ә.Бекарысұлы баянмен, Кенжебай Жүсіп домбырамен өнер көрсетіп, кештің шырайын ашты.

Ақбота БАЯНБАЙ
26 ақпан 2021 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930