Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры
2021 жылдың 10 қаңтарында Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған»Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ы.Жақаев ауылының ардагерлері Өтеген Жұмабеков, Нұрлан Махмұтов, Медет Боранбаев, ардагер ұстаздар Рауза Байділдаева, Құдайберген Жұмабеков қатысты. Ыбырай ата туралы көптеген естеліктер айтып, осы колхозда қандай қызмет атқарғандығы мен ата-бабаларымыздың, аналарымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерліктері сөз болды.

Шара барысында ауыл ақсақалы Өтепберген Жұмабеков өз сөзінде биылғы 2021 жылы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атамыздың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында даңқты диқанның ұлы Сейітбек Жақаевтың да осы ауылға сіңірген еңбегі мол екендігін айтып, ол кісіге аудан басшылығы тарапынан автокөлік беру жөнінде ауыл ақсақалдарының арасына ұсыныс тастады. Шараны ұйымдастырушы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы меңгерушісі Құттықыз Ыханова да дөңгелек үстелге жиылған қауымға алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараларды көптеп өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Дөңгелек стол соңында ауыл ақсақалы Өтеген Жұмабеков «Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш болсын, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті осы елдің әрбір тұрғыны әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білу азаматтық парызы, адамдық борышы. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакыт, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, еліміз гүлденіп көркейе берсін» деген батасын беріп, жақсы көңіл күймен тарқасты.
Рамазан Әнәпия