Игерілмеген жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады
Бейсенбіде аудандық прокуратураның ғимаратында аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаевтың төрағалығымен жер қатынастары саласы және оның ішінде жайылымдық жерлердің мәселесіне байланысты жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, ветеринариялық станция, кадастрлық бөлімше, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Басты мәселе – жер қатынастары саласында бақылауды күшейтіп, мақсаты бойынша игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді анықтау. Сол арқылы жер пайдаланушыға тиісті ескертулер беріп, жер учаскесін игеруге немесе мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыс жасау. Ауданда жалпы 98 жер пайдаланушының иелігіндегі жайылымдық жер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сай бірегей базаға тіркелмегендігі анықталған. Енді сол жерлерді мемлекет меншігіне қайтару немесе құжаттарын сәйкестендіру жұмыстары ауылдық округ әкімдерімен бірге жүргізілмек.

Рамазан Әнәпия