Татулыққа шақыратын би Тұрмат
Әрбір жұмыр басты пенде саналы ғұмырында еліне елеулі қызмет атқарса борышын орындағаны. Ал, өз саласында оза шығып дараланса, нұр үстіне нұр болады. Сот саласының ардагері, ауданның «Құрметті азаматы», «Үш би» құрмет белгісінің иегері, «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» Тұрмат Баймағамбет осы үдеден табыла білген жанның бірі.
Бүгінгі таңдағы Тұрмат Сабекұлының қоғамдағы қалыптасқан болмысы баяғы үш биді еске салады. Әділдігін айтып, төрелігін көрсеткен Төле, Қазыбек, Әйтеке би сынды дауласқан екі жанды татуластыратын ауданның абыройлы ақсақалы биыл 75 жастың желкенін керіп отыр. Расында сөзі жараспайтын екі адамның басы қосылса, әңгіменің аяғы дауға ұласады. Әуелден белгілі кез келген қазақ баласы әділдікке, шындыққа құмар. Шындықтың шырағын іздесек тарихқа көз саламыз. «Өтіріктің балын жалағанша, шындықтың уын ішкен артық». Бұл мақалда нағыз ұлттық код сақталғанын аңғарамыз. Ежелден белгілі, тыныштық орын алған жерде береке, бірлік болады. Шындығында, тыныштықтың жаршысы, бірліктің алтын қазығы – билер.

Қаз дауысты Қазыбек 13 жасында бас болып, дау шешуге араласса, біздің бүгінгі кейіпкеріміз 1964 жылы небәрі 18 жасында Шиелі аудандық сотының сот отырысының хатшысы қызметіне орналасқан. Одан әрі сот орындаушысы, Шиелі мемлекеттік нотариалдық кеңсенің нотариусы қызметтерін атқарып, судьялық лауазымды алғаш рет 1986 жылы Қармақшы аудандық халық сотының судьясы қызметіне сайлануымен бастайды. Ал 1987-1996 жылдары Тереңөзек, 1996-2007 жылдары Шиелі аудандық сотының төрағасы, 2007-2008 жылдары Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы секілді қызмет сатыларынан өтті. Сол 2008 жылдан бастап доғарыстағы судья, 2009-2015 жылдары Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Шиелі заң кеңесінің адвокаты қызметін абыроймен атқарды.
Қазір тәуелсіз елдің төрелігі Ата заңға негізделіп, бидің орнын судьялар алмастырды. Солардың ішінде, қаншама заңсыздықтың ақ-қарасын айырып, бейнетінің зейнетін көріп отырған, мамандықтың майын ішкен, «Үш би» құрмет белгісінің иегері Тұрмат Сабекұлы. Ол қызығы мен шыжығы мол мамандықтың баспалдағынан бастап, төріне шығамын дегенше қаншама қиындықты бастан өткерді. Ол уақытта жауапты сала маманын халық сайлайтын. Үлкен сенім білдіріп, елдің ыстық ықыласымен бала кездегі арманы жүзеге асады. Содан бері 1000-нан астам істің нүктесін қойып, әділ судья бола білді. Тек қана Шиелі емес, облыстың біраз ауданында қызмет атқарды. Әлгінде айтқан, «Үш би» құрмет белгісі осы салада мінсіз қызмет еткен судьяларға ғана беріледі. Сондай-ақ Шиелі ауданының «Құрметті азаты» марапатын иеленуі де ерекшелік. Т.Баймағанбет мұндай атақты алған облыс көлеміндегі бірінші судья болды. Бүгінде түрлі марапат биігінен көрініп, көпке сыйлы болуы мамандығын жақсы көріп, жолдағы қиындықтарды жеңіп, Ата заңның шеңберінен шықпай, адалдықты ту еткенінің жемісі. Өйткені, бұл саланың қиындығын бағамдау да оңайға соқпайды.
Ол Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталды. Сонымен қатар, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңында ҚР Президентінің Алғыс хатын, 2008 жылы ҚР Жоғарғы Сотының құрмет гармотасын, 2013 жылы «Сот жүйесінің ардагері» медалін, «ҚР Констиуциясына 20 жыл» медалін т,б көптеген марапаттардың иегері. Бұл күндері Тұрмат Баймағамбеттің кеудесі медальға, өмірі өнегеге толы. Ол уақыты келіп, зейнетке шыққан қатардағы қызметкер емес. Доғарыстағы судья. Бұл шен сот саласында еңбек еткен екінің біріне беріле бермейді. Қызметтік жолда тек жақсы нәтиже көрсеткен майталман маманға ғана табысталады екен. Қызығы, Тұрмат ақсақал бүгінде жетпіс бестің желкенін керсе де, саламен сабақтастығын үзген жоқ. Біте қайнасып жүр әлі. Аудандағы «Татуласу» орталығында тараптардың бейбіт келісімге келуіне атсалысып келеді. Ақылшы ағаның қажырлы еңбегі кейінгі ізбасарларына үлкен өнеге.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ