Әнім сенсің – Туған ел
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәдениет пен өнерге әрдайым көңіл бөліп келеді. Кез келген мемлекеттің, халықтың өзіне тән мәдениеті мен өнері болады. Оны дамыту, заманға сай жаңғырту – елдің ерлігін көрсететін өнегелі іс. Осы орайда Шиелі ауданында көмейіне бұлбұл ұя салған талантты жастар арасында ән байқауында үздік өнер көрсеткен жастарды оқырмандармен бөлісуді жөн санадық.
«Адамның жан дүниесін ақтару үшін оған ән айтқызу керек» депті түрік ақыны Назым Хикмет. Шынымен де, ән – нағыз өнер, тазалықтың символы. Ақын сөзінің арғы жағында сол өнердің құдіреті, оған бет бұрған адамның кіршіксіз ниеті жатыр десек жарасар. Ал осы өнерге ден қойған жас ұрпақтың жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру де – жақсылықтың нышаны.

Соның бір дәлелі – сенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудан жастарын патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін дамыту үшін өткен шара. Оны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы ұйымдастырды. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай аудан жастары арасында өткен патриоттық ән байқауы «Әнім сенсің – Туған ел» деп аталды. Аталған ән байқауына жиырма талапкер қатысып, өзара бақ сынасты. Тіпті жиналған қауымның бойын балқытып, жүрегін жылытты. Осылайша кешегі күннің қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың ізін жалғастырып жүрген өнерпаздар ауданымызда да жетерлік екеніне көз жеткіздік.
Әділқазы құрамының шешіміне сәйкес, Мөлдір Әлиева I Еркебұлан Әлжанов II, Назым Дәулетқызы II, Бекарыс Бауыржан III, Мөлдір Құлахметова III дәрежелі дипломдар иеленді. Диплом алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен қалған қатысушыларға арнайы алғас хат табысталды.
Шапағат Тілеубаев