Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАРҒА «ӨРЛЕУ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАСТАРҒА «ӨРЛЕУ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Нағи Ілиясов ауылында волонтер жылын қорытындылауға арналған форум болды. Сырдария ауданының белсенді жастары карантин талаптарына сәйкес шараға онлайн режимде қатысты.
– Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан биылғы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет» деп атап өтті. Бұл «Жастар жылының» жалғасы ретінде лайықты бағаланды. «Еріктілер жылына» орай аудан жастары ауқымды бастамаларды жүзеге асырып, бірлікпен, ынтымақпен биік белестерді бағындырды, - деді Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.
Сырдария ауданында 10 мыңнан астам жас бар. Биыл 400-ге жуығы ерікті болып тіркелді. Жетпістен аса түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Әлеуметтік қызметкерлер ерікті жастармен бірге мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Белсенді жастар тарихи орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, пандемия кезеңінде белсенді болды. Аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастарға қажетті медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектердің жеткізілуіне атсалысты. Сондай-ақ, төтенше жағдай барысында өз қолдарынан 3 мың данадан астам, кәсіпкерлердің көмегімен 8 мыңнан астам бетперде тігіп, аудан тұрғындарына тегін таратты.
Кәсіпке бетбұрыс жасап жатқан жастар қатары артты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытымен 26 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілсе,
екінші бағыты бойынша 23 жас кәсіпкер несие алды. Жаңа бизнес идеяларды дамытуға 160 жас грант иегері атанды.
Форумда жылдағы дәстүрге сәйкес түрлі салада белсенділік танытып жүрген 10 жасқа «Өрлеу» сыйлығы табысталып, 100 мың теңгенің сертификаты берілді.
26 қараша 2020 ж. 347 0