Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбылдық жастар Шерхан шыңын бағындырды

Жамбылдық жастар Шерхан шыңын бағындырды


Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының жастары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен жарияланған Жастар жылына орай 4 200 метр биіктікті бағындырды. Олар өздері шыққан шыңды Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның есімімен атауды ұсынды. 

Бұдан былай Меркі ауданының аумағында орналасқан Құмбел шатқалындағы 4 200 метр биіктік «Шерхан шыңы» деп аталатын болды. Бұл тарихи күнді өңір жастарының ортақ жеңісіне балауға әбден лайық. Іс-шара кейінгі буынды өмірде кездесетін қиындықтарға төтеп беруге, белгілі бір белесті бағындыруға шақыруды мақсат етеді. 
Осы күні Жамбыл ауданының белсенді жастары шатқалдың 4200 метр биіктігінен сәлем жолдап, әр азаматты өз елінің патриоты болуға үндеді. 
«Биыл Жастар жылы деп жарияланғаны біздерді қатты қуантты. Осы орайда ел аумағында әртүрлі бағдарламалар қолға алынып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде Жамбыл өңірі жастарының да қосатын үлестері бар», - деді ұйымдастырушылар. 
Әулиеаталық белсенді өзге өңірлердегі замандастарына осындай биіктіктерді бағындырып, елімізге еңбегі сіңген белгілі тұлғалардың есімін беру эстафетасын жолдады. 
Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл ауданының жастары Т.Рысқұлов ауданына қарасты Қайыңды шатқалында орналасқан Дегерес шыңының ең биік нүктесіне шыққан болатын. 
17 мамыр 2019 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930