Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерікті жастармен кездесті

Ерікті жастармен кездесті

Аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы ауданның белсенді, ерікті жастарымен кездесті. 
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялауына орай, аудан көлемінде ерікті жастармен бірлесе атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы ойымен бөлісті.
Кездесу аясында аудан әкімі мемлекет басшысының қолдауымен жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.
Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Аудан басшысы жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, білімдері мен күш-жігерлерін туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.



22 наурыз 2020 ж. 554 0