Қалауын тапса, қоқыс та кәдеге жарайды
Жуырда ғана Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды» деп алдағы уақытта еліміздің экологиялық ахуалына аса мән беретінін тілге тиек етті. Қоршаған ортаны қорғау туралы сөз қозғалғанда қоқыс мәселесі де тысқары қалып қоймайтыны белгілі. Әсіресе, қоқыс жинаудың әлі күнге дейін реттелмей келе жатқаны әркімді де алаңдатуы керек.
Адамзат баласының еш уақытта таусылмайтын қоры – қоқыс. Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның түрлі себебі бар. Мәселен, тұрмыс қалдықтарын өңдейтін технологиялардың жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сондай-ақ адамдардың қоқыстан болатын зардаптың, экологияға әкелетін қауіп-қатерді толық сезінбеуі. Иә, біз күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салып жатқанда бұлар қайда барады деп ойланбауымыз да мүмкін. Пакетке тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз және пластик араластырып, толассыз тастай береміз. Бұл орайда ұланғайыр атырап Қазақстанды емес, аядай ғана ауданды мысал етсек болады. Иә, барлығымызға белгілі Бидайкөл елді мекенінің маңындағы қоқыс тастайтын полигон. Арнайы барып, аралап көрдік. Бей-берекет тасталған қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қолқаны алатын исінің өзі ауылдың ғана емес, аудан тұрғындарына да зор залал келтіретіні белгілі. Полигоннан пайда көріп отырған қарапайым тұрғындар да бар. Олар күн сайын қоқыс аралап, өздеріне қажетті затты тауып алады. Бірақ олардың да денсаулығы не болып жатқаны бір Құдайға аян. Өйткені, иен далада еш қараусыз жатқан тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға келтірер кесірін ойлаудың өзі қорқынышты. Бұл үрей жалғыз біздің пайымымыз бойынша айтылып тұрған жоқ, экологтар да, дүниежүзілік банк те сұрыптаусыз тасталған қоқыстың адам өміріне қаншалықты зардап келтіретінін айтып дабыл қағуда. Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70 процентке өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді екен. Бұл дегеніңіз келешекте өзіміз тіршілік етіп жүрген Жер платенатысы үлкен қоқыс полигонына айналады деген сөз. Ал экологтар осындай жағымсыз «дәстүр» жалғаса берсе, адамзат жаһандық қауіп-қатермен бетпе-бет келеді дейді. Мұндай ескертпелерді ешкім өтірікке шығара қоймас. Себебі, жыл сайын елімізде 4,3 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналып, соның небәрі 12 проценті қайта өңделеді. Қалғаны қоқыс полигондарына көміледі екен.

Қайта өңдеу демекші жер бетін қоқыстан тазартудың бірден-бір амалы – осы. Бірақ ол үшін әңгіме қайтадан қоқысты сұрыптап тастауға тіреледі. Себебі, тұрғындар күнделікті пайдаланатын өнімін арнайы контейнерлерге ұқыптап салмаса, қалдықтарды қайтадан іске асыру оңайға соқпайды. Бұл қазір біздің елімізде жүзеге асып, қолға алынған іс. Ол үшін әр аймақта арнайы қоқыс жәшіктері де қойылған. Мәселен, сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері, органикалық қалдықтар жиналады. Мұндағы негізгі мақсат – полигонға жиналатын қоқыс көлемін кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Қоқысты өңдеп, қайта пайдаға жарату Жапонияда жақсы белең алған. Күн шығыс елінде қоқыс қалдықтарын сұрыптауға өте кірпияз қарайды. Бұл елде тіпті қалдық тастағаны үшін тұрғындардың сотталып кетуі бек мүмкін. Өйткені, жапондықтар өз елінің экологиясын сақтау үшін барын салады. Ол жақта тұрмыстық қалдықтарды өртеп, одан алынған энергияны жылыту үшін қолданады. Тұрмыстық техниканы қайта бұзып, өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде де әр жапондықтың үй алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмассаға арналса, екіншісі тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін. Токио мен ірі қалаларда қоқыс контейнерлері қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктеледі. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады. Жапондықтар қалдық өңдеу ісінде тым ілгері кеткен елдердің бірі. Тіпті, бұл жақта органикалық қалдықтардың өзінен құрылыс материалдары жасап шығарылады. Қоқысты қайта өңдейтін елдердің көш басында Франция тұр. Бұл елде қоқыс өртейтін арнайы кешенді зауыттар салынған. Мысалы, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ тәсілі бойынша жоғары температурада өртейді. Соның әсерінен зиянды улы заттар толық еріп, күлге айналады. Франция қоқысты сұрыптау әдісі мен қайта өңдеу нәтижесінде 30 процент алюминий, 50 процент әйнек және газет қағазын өндіріп отыр.
Әлемдік тәжірибелерге қарап-ақ қалдықтың өзін іске асыруға болатын ұғынсақ екен. Бірақ, біздің ой-санамыз қоқысты сұрыптап тастаудан әлі де болсын қашық. Қарапайым ғана мысал: ауданның орталығына қойылған арнайы контейнерлерді қарасаңыз қоқыстың қалай болса, солай лақтыра салынғанын көресіз. Арнайы контейнерлерді былай қойғанда, қарапайым қоқыс жәшігінің өзі астан-кестеңі шығып, аударылып жататыны ащы болса да шындық. Бұл жерде кінәлі билік пе, бұқара ма? Менің ойымша кінәліні іздемес бұрын, әрқайсымыз қоқыс тастау мәдениетін өн бойымызда қалыптастырсақ екен. Шыны керек, кейде білместікпен, кейде жалқаулықпен жиналған қоқысты бөліп шығармақ түгілі, таяқ тастам жердегі контейнерге апарып тастауға ерінеміз. Осындайда «Тазалық – иманның жартысы» деген хадис шәріпте бекер айтылмаса керек. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» дейді. Олай болса өзіміз өмір сүріп жатқан төңіректі таза, гүлденген күйде келер ұрпаққа аманаттау – сіз бен біздің мойнымыздағы міндет.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА